Үкіметтің Заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу, басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өту барысы туралы ақпарат

Үкіметтің Заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу, басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өту барысы туралы ақпарат

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстары жоспарының ағымдағы жылы орындалуы туралы ақпарат мыналарды қамтиды:

 

1) Үкіметтің Заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделген заң жобаларының атауы (тармақ, әзірлеуші мемлекеттік орган, Әділет министрлігіне, Үкіметке және Парламентке енгізу мерзімі, орындалу барысы):

– «Кәсіптік біліктілік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Жоспардың 8 және 9-тармақтары; әзірлеуші-орган – ЕХӘҚМ; енгізу мерзімі: Әділетмині – сәуір, Үкімет – маусым, Парламент – тамыз).

Орындалу барысы: Кәсіптік біліктілік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларына консультациялық құжаттар Министрліктің сайтында (2021 жылғы 9 қараша) және «Ашық НҚА» порталында (2021 жылғы 15 қараша) орналастырылған.

2021 жылғы 21 желтоқсанда жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып пысықталған тұжырымдама жобалары НҚА порталында орналастырылып, ҚР ӘМ-не жіберілді.

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 574-отырысының хаттамасымен тұжырымдамалардың жобалары мақұлданды.

2022 жылғы 21 ақпанда ЖТ мүшелерінің ескертулерін ескере отырып жобалар пысықталып, МО-ға, «Атамекен» ҰКП-ға, аккредиттелген ұйымдарға және қоғамдық кеңеске келісуге жіберілді.

2022 жылғы 1 наурызда жобалар Ашық НҚА порталында орналастырылды.

2022 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес жобалар Әділет министрлігіне келісуге енгізілді.

Заң жобасы бойынша ғылыми сараптамалар бойынша (құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық) қорытындылар алынды.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың 2022 жылғы 3 маусымдағы № 21-02/01-86//659 (72-т), 06-369 (2.2.2-т) тапсырмасына сәйкес жобаларды енгізу мерзімі 2022 жылғы 30 маусымға ауыстырылды.

2022 жылғы 30 шілдеде № 01-05/Д-2012//21-02/01-86//659 (72-т), 06-369 (2.2.2-т) және № 01-05/Д-3918//20-15/01-86//659 п. 2.2 Министрліктің хаттарымен, жобалар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне қарау үшін енгізілді.

Жоғарыда көрсетілген заң жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен пысықталғаннан және келісілгеннен кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының тиісті жобалары 2022 жылғы 19 тамыздағы № 01-05/Д-2673//21-05/П-37 хатпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізілді.

 

– «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Жоспардың 21, 22, 23 және 24-тармақтары; әзірлеуші-орган – ЕХӘҚМ; енгізу мерзімі: Әділетмині – қыркүйек, Үкімет – қазан, Парламент – желтоқсан).

Орындалу барысы: Тұжырымдамалардың жобалары ЖҰЖ белгілеген мерзімдерде
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі – ПМК) және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізілді.

2021 жылғы 25 мамырда Кодекс және 3 ілеспе заң жобалар тұжырымдамаларының жобалары Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (бұдан әрі – «Ашық НҚА» порталы) орналастырылды.

2021 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - ВАК) Кодекстің тұжырымдамасы мен ілеспе 3 заң жобасын мақұлдады (ескертулерді ескере отырып).

2022 жылғы 2 қыркүйекте Кодекс жобасы және оған ілеспе заң жобалар «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Қазіргі танда, жобалар барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді және жақын арада ҚР Үкіметіне енгізіледі.

 

2) Парламент Мәжілісіне жіберілген заң жобаларының атауы (тармақ, әзірлеуші мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Парламент Мәжілісіне енгізу туралы қаулысының күні, нөмірі):

Қарастырылмаған.

 

3) Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған заңдардың атауы (әзірлеуші мемлекеттік орган, қол қойылған күн):

Қарастырылмаған.

 

 

  1. Басым заң жобалары бойынша ақпарат жоқ.

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларынан туындайтын заң жобалары бойынша ақпарат мыналарды қамтиды:

 

1) заңнамалық актілердің жобаларын (түзетулерді) әзірлеуді және/немесе қабылдауды көздейтін іс-шаралар жоспарының санын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары (тапсырманың нысаны, құжаттың күні мен нөмірі), олардың ішінде:

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2021 жылғы 16 қарашадағы алтыншы отырысында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Министрлік жалғыз басты ата-аналардың қашықтағы жұмыс форматына және жұмыспен қамтудың қысқартылған режиміне құқығын айқындауды, сондай-ақ жұмыс істейтін жалғыз басты ата-аналардың мүдделерін ескеретін еңбек режимін реттеудің тиімді тетіктерін енгізуді көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жауапты орындаушы болып табылады (орындау мерзімі – 2022 жылғы қазан).

Осы тапсырманы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қаралып жатқан заң жобалары шеңберінде іске асыру жоспарланған болатын.

2022 жылғы 10 наурыздағы № 01-1-1-04/Д-4810//21-01-38.40 хатпен тиісті түзетулер мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілді.

Сонымен бірге, 2022 жылғы 18 тамызда № 01-1-1-04/3018-И, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығының 75-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тапсырманың орындалуын бақылаудан алу туралы ұсыныс енгізілді.

 

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен өткен кеңестің 2021 жылғы 6 қазандағы № Б-612 хаттамасының 8-тармағын және 2021 жылғы 1 қарашадағы № 21-14/Б-612 тапсырманы орындау үшін Министрлік Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары бастамашылық жасаған Қазақстан Республикасының заңдарына Үкімет қорытындысының жобасы үшін жауапты мемлекеттік орган болып табылады:

1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Салық кодексі) мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

2021 жылғы 5 қарашада жоғарыда көрсетілген заң жобаларына қорытындылардың жобалары ВАК-тың 570-отырысында мақұлданды.

2021 жылғы 19 қарашада № 01-09/Д-4409//21-14/Б-612,1 хатымен қорытынды жобалары ПМК-ға енгізілді.

2022 жылғы 24 ақпанда Заң жобалар Қазақстар Республикасы Парламент Мәжілісіне енгізілді.

2022 жылғы 11 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілістің екінші оқылымында мақұлданды.

2022 жылғы 9 маусымда осы Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентімен қабылданды.

2022 жылғы 27 маусымда Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентімен қол қойылды.

 

2) Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған заңдардың атауы (әзірлеуші мемлекеттік орган, қол қойылған күн):

2022 жылғы 27 маусымдағы № 129-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Үкіметтің Заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу, басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өту барысы туралы ақпарат
Дата публикации
25 октября 2022