«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

 

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

 

 «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 100 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                             Ә.Смайылов                                                         

 

ҚР Үкіметінің Қаулы жобасы
Дата публикации
21 октября 2022