«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына пресс-релиз

 «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына пресс-релиз

 

 

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 18 тамыздағы №22-4555 тапсырмасына сәйкес әзірленген.

Жобаны қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 18 тамыздағы тапсырмасы. Аталған қордың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру қандастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, оларды ұтымды қоныстандыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ оларға бастапқы кезеңде бейімделуге және қолдау көрсетуге бағыттай отырып, Қордың әлеуетін толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ босқындар мәселесі бойынша мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға оң әсер етеді.

Қаулы жобасы «Электрондың үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде 2022 жылы 20 қазанда орналастырылды.

 

Бұйрық жобасына пресс-релиз
Дата публикации
21 октября 2022