О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 19 июня 2018 года № 259 «Об утверждении Правил регистрации лиц, ищущих работу, безработных и осуществления трудового посредничества, оказываемого центрами занятости населения»

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабының 26-3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

 көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 26-3) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу, жұмыссыздарды тіркеу, халықты жұмыспен қамту орталықтарының еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1 және
1-1-қосымшаларға сәйкес «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Жұмыссыздарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбелерінде (бұдан әрі – Талаптар тізбесі) келтірілген.»;

5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5. 5. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші жұмыспен қамту орталығына және Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай мемлекеттік көрсетілетін қызмет талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес келетін құжаттарды ұсынады.»;

16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші ассистентке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Ассистент ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректерің (мәліметтердің) дәйектілігін анықтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.»;

34-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;»;

39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39.  «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер талаптарының тізбесінде келтірілген.»;

1, 1-1 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беру;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі О. Т. Ордабаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

бұйрық жобасы
Дата публикации
19 октября 2022