«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 22-32-18/22-2447-5 қбп тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі - Жоба) әзірленді.
Көрсетілген жобаны қабылдаудың мақсаты 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастай отырып, Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты мерекелеу болып табылады.
2022 жылдың 19 қазанда жоба нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған. 2022 жылдың 3 қарашасына дейін өзекті (орналастыру мерзімі 10 жұмыс күні).