«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы

31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

 

 

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 22-32-18/22-2447-5 қбп тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі - Жоба) әзірленді.

         Көрсетілген жобаны қабылдаудың мақсаты 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастай отырып, Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты мерекелеу болып табылады.

         2022 жылғы 19 қарашада жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында көпшіліктің талқылауы үшін орналастырылған.

Дата публикации
19 октября 2022