«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы
№ 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларында:
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын тізбе;»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымша сәйкес 1 және 2 нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.»;
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәліметтер болмаған кезде осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің мемлекеттік қызметін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінде көрсетілген құжаттар өтінішке қоса беріледі.»;
9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы өтініш берушіден жәрдемақы тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сай ұсынған тұпнұсқаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесімен көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттар қабылданғаннан кейінгі екі жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкестікке келтіру мерзімін көрсете отырып, өтініш берушіге хабарлама жібереді, сол кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестікке келтіру мерзімі екі жұмыс күнін құрайды.
Өтініш беруші хабарлама алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны талаптарға сәйкестендірмеген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Құжаттардың электрондық көшірмелері Мемлекеттік корпорация бөлімшесі қызметкерінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады, содан кейін өтініш пен өтініш беруші түпнұсқада ұсынған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.
9-1. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген негіздер бойынша жәрдемақыны тағайындаудан бас тартады.»;
12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген қажетті мәліметтерді алу туралы сұрау салуды;»;
14-тармақтың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭІМ осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы куәландырады;»;
14-тармақтың жиырма сегінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭІМ мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді ЭЦҚ арқылы қабылдайды;»;
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 1-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі