«2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ақпараттық хабарлама

«2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына  

ақпараттық хабарлама

 

Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына толықтыру енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын дайындады.

Онда 2022 жылғы 22 қазан сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру ұсынылады.

2022 жылғы 28 қыркүйекте қаулы жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған. 2022 жылғы 12 қазанға дейін өзекті (орналастыру мерзімі 10 жұмыс күні).

Дата публикации
28 сентября 2022