2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

         «2022 жылғы 22 қазан сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылсын».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі                                                             Ә. Смайылов

 

Дата публикации
28 сентября 2022