«Қазақстан Республикасында Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттары құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Қазақстан Республикасында Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттары құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы) Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) 74-тармағын орындау мақсатында әзірленді.

Іс-шаралар жоспарының 74-тармағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарын қолдау мәселелері жөніндегі омбудсмен лауазымын енгізу ұсынылады.

Осыған орай, Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасында Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттары құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Үкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді көздейді.

проект
Дата публикации
27 сентября 2022