««Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (жұмыспен қамту орталығы)» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 714 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

««Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (жұмыспен қамту орталығы)» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 714 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. ««Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (жұмыспен қамту орталығы)» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 714 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19810 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (жұмыспен қамту орталығы)» кәсіптік стандартында:

6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеушілер және жұмыссыз ретінде тіркеуді жүзеге асыру;»;

9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Кәсіптер тізбесі:

1)      орталық директоры - СБШ бойынша біліктіліктің 7 деңгейі;

2)      жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының) басшысы - СБШ бойынша 7 біліктілік деңгейі;

3)      жұмысқа орналастыру бойынша инспектор – СБШ бойынша біліктіліктің 5-6 деңгейі;

4)      ізденушілермен жұмыс бойынша маман – СБШ бойынша біліктіліктің 5-6 деңгейі;

5)      жұмыс берушілермен жұмыс бойынша маман – СБШ бойынша біліктіліктің 5-6 деңгейі;

6)      кәсіптік бағдарлау маманы – СБШ бойынша біліктіліктің 5-6 деңгейі;

7)      болжау және мониторинг бойынша маман – СБШ бойынша біліктіліктің 5-6 деңгейі;

8)      жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты - СБШ бойынша біліктіліктің 5-6 деңгейі;

9)      жұмысқа орналастыру бойынша кеңесші - СБШ бойынша біліктіліктің 4 деңгейі;

10)    халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қызметші - СБШ бойынша біліктіліктің 4 деңгейі;

11)    жұмыс берушілермен байланыс бөлімінің қызметшісі СБШ бойынша біліктіліктің 4 деңгейі.

Кәсіптер карточкалары осы кәсіптік стандарт қосымшасында келтірілген.»;

қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

 

Т. Дүйсенова

 

 

 

 

 

бұйрық жобасы
Дата публикации
23 сентября 2022