««Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (жұмыспен қамту орталығы)» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 714 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (жұмыспен қамту орталығы)» кәсіптік стандартында:
6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеушілер және жұмыссыз ретінде тіркеуді жүзеге асыру;»;
9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Кәсіптер тізбесі:
1) орталық директоры - СБШ бойынша біліктіліктің 7 деңгейі;
2) жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының) басшысы - СБШ бойынша 7 біліктілік деңгейі;
3) жұмысқа орналастыру бойынша инспектор – СБШ бойынша біліктіліктің 5-6 деңгейі;
4) ізденушілермен жұмыс бойынша маман – СБШ бойынша біліктіліктің 5-6 деңгейі;
5) жұмыс берушілермен жұмыс бойынша маман – СБШ бойынша біліктіліктің 5-6 деңгейі;
6) кәсіптік бағдарлау маманы – СБШ бойынша біліктіліктің 5-6 деңгейі;
7) болжау және мониторинг бойынша маман – СБШ бойынша біліктіліктің 5-6 деңгейі;
8) жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты - СБШ бойынша біліктіліктің 5-6 деңгейі;
9) жұмысқа орналастыру бойынша кеңесші - СБШ бойынша біліктіліктің 4 деңгейі;
10) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қызметші - СБШ бойынша біліктіліктің 4 деңгейі;
11) жұмыс берушілермен байланыс бөлімінің қызметшісі СБШ бойынша біліктіліктің 4 деңгейі.
Кәсіптер карточкалары осы кәсіптік стандарт қосымшасында келтірілген.»;
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.