«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын ұсыну мерзімдерін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын ұсыну мерзімдерін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы» және «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасы «Абай», «Жетісу» және «Ұлытау» облыстарын қосу, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан» қаласы атауын «Астана»-ға өзгертуді көздейді.