«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясатының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
Заң ағымдағы жылғы 30 сәуірде ҚР Парламенті Сенатының екі оқылымында мақұлданып, оған ағымдағы жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті қол қойды.