"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" министрдің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 88 бұйрығымен бекітілген уәкілетті тұлғалар мамырда келесі құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді:
1) Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті;
2) Ішкі аудит департаменті;
3) Халықты жұмыспен қамту департаменті;
4) Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті;
5) Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті;
6) Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті;
7) Цифрландыру департаменті;
8) Кадр қызметі басқармасы;
9) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінде, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарда.
Маусым айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау:
1) Қаржы департаменті;
2) Әкімшілік жұмыс департаментінде жүргізілді.