"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, "сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына (бұдан әрі-үлгілік қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.