Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының «Еңбек нарығын дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары» жобасына пресс-релиз

«Еңбек нарығын дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен 2022 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша хаттамалық тапсырмаға сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты саясат «азаматтардың жекелеген осал санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуден» «еңбекке қабілетті азаматтардың барлық санаттарын нәтижелі жұмыспен қамту үшін тең бастапқы жағдайлар жасауға» көшуді көздейді.

Жобаны іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржылық құралдарды талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

«Еңбек нарығын дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы
Дата публикации
11 августа 2022