«Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы
    № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19902 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының
7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабының 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу тәртібін айқындайды.»;

2-тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

 «1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамдардың белсенді және пассив қозғалысына арналған техникалық көмек түрі;

2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес халықтың жекелеген санаттарына жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеу шарттарында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектісі болып табылатын әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі;

3) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедекке ілесіп жүру және объектілерге баруы кезінде көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметтер көрсететін адам;

4) протездік-ортопедиялық көмек – мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі және оларды пайдалануға үйрету;»;

2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) ымдау тілінің маманы – еститін және естімейтін адамдар арасында делдалдық қызметтерді көрсетумен байланысты мүгедектігі бар адамға әлеуметтік қызметтерді көрсететін маман;»;

10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) «Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2005 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 26 бұйрық) бекітілген нысан бойынша жеке көмекшінің ілесіп жүру парағы/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтер көрсету парағы;»;

көрсетілген Қағидаларға 1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д.Оспановқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

      «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

 

      «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Аты-жөні

 

 

 

 

қосымша
Дата публикации
05 июля 2022