«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

     

«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы

26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер

енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 11038 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, стационарлық үлгідегі ұйымдарға:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі – балалар);

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);

5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды (бұдан әрі – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.

Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

3) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы.

Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:

1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2) мүгедектікті белгілеу туралы;

3) мүгедектігі бар адамға абилитациялау мен  оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;

4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);

5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы;

6) Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы (Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар үшін) мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса) қоса беріледі.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.»;

7-тармақта:

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Бос орын болған кезде қызметтерді алушы он бес жұмыс күні ішінде стационарлық үлгідегі ұйымға келеді. Қызметтер алушының белгіленген мерзімде стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілеті (ауруы, емдеуге жатқызылуы) болмаған жағдайда, қызметтер алушы стационарлық үлгідегі ұйымды хабардар етеді және оған келу мерзімін қосымша күнтізбелік отыз күнге дейін бір рет ауыстыру мүмкіндігі беріледі.»;

он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Он сегіз жасқа толған және стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымға кезектен тыс қабылданады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар мәртебесінің болуы туралы арнаулы әлеуметтік қызметтер стационарлық үлгідегі ұйымдарда бірінші кезекте беріледі.»;

12-тармақтын 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтендіру, тұрмысты, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және демалыс уақтын, әлеуметте өзара әрекет етуін барынша қолдау сақталады.»;

13-тармақтын 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі (он сегіз жастан асқан адамдарға және мүгедектерге) белгіленген, медициналық ұйым мүгедектігі бар адамның денсаулық жағдайын бөгде адамның көмегінсіз еңбек қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей жақсарған деп таныған жағдайда және қызметтерді алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болғанда;»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Қызметтерді алушылардың жеке уәждемесі бойынша уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) шығуына стационарлық үлгідегі ұйым дәрігерінің қорытындысы ескеріле отырып, мүгедектігі бар адамдар мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігіне жазбаша өтінішінің, ал балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар үшін – заңды өкілдерінің, жақын туысының жазбаша өтінішінің негізінде рұқсат етіледі.»;

19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Бала он алты жасқа толған кезде стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі оның жеке куәлігін ресімдеуді қамтамасыз етеді.

Он сегіз жасқа толған, оның ішінде ТҚА бұзылған балалар медициналық ұйымның және медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындыларына сәйкес қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымдарға қабылданады не үйіне шығарылады (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда).

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымда тұратын қызметтерді алушылар мүгедектігі бар адамдар деп танылған жағдайда жұмыспен қамту бөліміне өтініш ұсыну жолымен «Е-собес» ААЖ-да тіркелуге жатады. «Е-собес» ААЖ тіркелгеннен кейін қызметтер алушылар кезектілікті белгілемей, порталда стационарлық үлгідегі ұйымға ресімделеді.»;

21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мүгедектігі бар адамдар мен қарттар спиртті ішімдікке салынудың немесе есірткі заттарын қолданудың салдарынан соттың шешімі бойынша әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған кезде шығарылуға жатады.

Әрекет қабілеттілігінің шектелуі соттың шешімі бойынша жойылған жағдайда адам жалпы негізде қайта қабылданады;»;

23-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте міндетті түрде шығару немесе ауыстыру эпикризі, стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының ұсынымдары ресімделеді, олар мүгедектігі бар адамдарға мен қарттардың қолына не қызметтерді алушыларды қабылдайтын тарапқа беріледі.»;

25-тармақта:

2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) тұрғын жай беру, оның ішінде балаға, ТҚА бұзылған балаға кемінде төрт шаршы метр және он сегіз жастан асқан адамға, мүгедектігі бар адамдарға, қартқа кемінде бес шаршы метр жатын бөлмелерін беру;»;

4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) денсаулық жағдайына байланысты жұмыс істеуге қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жастан асқан адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау;»;

27-тармақта 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«22) балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, қартарға және мүгедектігі бар адамдарға паллиативтік көмек қызметтерін көрсету;»;

28-тармақта:

8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу, сондай-ақ балаларға, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға ерге оларды емдеу-алдын алу мекемелеріне немесе санаторий-курорттық емдеуге жіберуге жәрдемдесу жедел, уақтылы жүргізілуге тиіс және қатаң түрде медициналық көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады;»;

10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызметтерді алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әр түрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және медициналық сипаттағы сұрақтары) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Қызметтерді алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектігі бар адамдарды отбасын құруға және балалы болуға дайындау жөніндегі жеке жұмыс, зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;»

29-тармақ 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мүгедектігі бар адамдармен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу;»;

30-тармақ 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) психологиялық алдын алу жұмысы мүгедектігі бар адамдар мен қарттарда психологиялық білімге және оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасауға, тұлғалық қалыптасуда және дамуда болатын бұзылушылықтарды уақтылы алдын алуға мүмкіндік туғызады;»;

31-тармақ 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) есту қабілеті бұзылған балалар мен мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ олардың ата-анасы мен басқа да мүдделі адамдардың ымдау тілін үйренуіне жәрдемдесу;»;

34-тармақта:

1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызметтерді алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;»;

3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) он сегіз жастан асқан адамдар мен мүгедектігі бар адамдарда шамасы келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін, сондай-ақ қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жойылған тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіру бойынша фронтальді және жеке сабақтар ұйымдастырылады;»;

5) және 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту олардың кәсіптік дағдыларын барынша ықтимал қалпына келтіруге және жаңа кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік береді;

6) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмек көрсететін іс-шаралармен бірге жүргізіледі;»;

36-тармақта 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына тарту, оның ішінде қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың қатарынан мәдени-тұрмыстық комиссия құру стационарлық үлгідегі ұйым ұжымының қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарды жолға қоюға жәрдемдеседі.»;

40-тармақта 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасылық тәрбиенің өзге нысандарын алуға, мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуы үшін) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету, қызметтерді алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;»;

42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда қажетті мамандар болмаған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелігін бағалау үшін келісімшарт негізінде мамандарды қосымша тартуға болады.»;

1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшыларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Стандарт тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, мыналарға:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар);

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);

5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.

Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар деп аталады.»;

4 және 5-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

«4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйым қызметтерді алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.

Қызметтерді алушыларға әзірленген мүгедектігі бар адамға абилитацилау мен оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) бойынша бір уақытта екі жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға жол берілмейді.

  1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиеші және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

3) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:

1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2) мүгедектікті белгілеу туралы;

3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;

4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);

5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы;

6) Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса) қоса беріледі.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.»;

8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:

1) жұмыспен қамту бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда – осы Стандарттың 5-тармағының 3 абзацында көрсетілген құжаттар.

  1. Ұлы Отан соғысының ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерге, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерге, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда бірінші кезекте беріледі.»;

13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қызметтерді алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспарындағы оңалту іс-шараларының мерзімі өткен жағдайда және әрі қарай оңалту іс-шараларын өткізуге көрсетілімдердің болмауы негізінде;»;

19-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) ТҚА бұзылған балаларға және мүгедектерге дене шынықтыру жаттығуларын орындауда көмек көрсету жатады.»;

20-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызметтерді алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әр түрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және медициналық сипаттағы сұрақтары) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Қызметтерді алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектігі бар адамдарды отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталған және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;»;

21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мүгедектігі бар адамдар мен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу;»;

22-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) психологиялық алдын алу жұмыстары мүгедектігі бар адамдар мен қарттарда психологиялық білімге және оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасауға, тұлғалық қалыптасуда және дамуда болатын бұзушылықтарды уақтылы алдын алуға мүмкіндік туғызады;»;

23-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) есту қабілеті бұзылған балалар мен мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ олардың ата-анасы мен басқа да мүдделі адамдарды ымдау тілін үйретуіне жәрдемдесу;»;

25-тармақтың 3) және 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау;

4) мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту;»;

26-тармақта:

1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және қарттарға жеке қажеттіліктерінің негізінде қызметтерді алушылардың тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік туғызатын қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету іс-шараларына белсене қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;»;

3) және 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп, оларды тіршілік-тынысының түрлі нысандарына қатыстыруға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді;

4) он сегіз жастан асқан адамдарда, мүгедектігі бар адамдарда шамасы келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру сондай-ақ қарт адамдарда және он сегіз жастан асқан адамдарда жоғалтқан тұрмыстық дағдыларды қайта қалпына келтіру үшін фронтальды және жеке сабақтар ұйымдастырылады;»;

6) және 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«6) мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту олардың кәсіптік дағдыларын қалпына келтіруге және жаңа кәсіптерді игеруіне барынша мүмкіндік туғызады;

7) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесе алатын іс-шаралармен ілеседі;»;

29-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру жатады.»;

32-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасылық тәрбиенің өзге нысандарын алуға, мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуы үшін) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету, қызметтерді алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;»;

33-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қозғалу функциялары толтықтырылған, қоғамға кіріктірілген ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен балалардың;»;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қажетті мамандар болмаған жағдайда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының нәтижелілігін бағалау немесе консультация беру үшін шарт негізінде басқа ұйымдардан мамандар тартуға рұқсат етіледі.»;

1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 4, 5 және 6-қосымшыларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:

Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Стандарт қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарда (бұдан әрі – үйде қызметтер көрсету ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді, мыналарға:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар);

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);

5) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, тоқтату және тоқтата тұру шарттарын айқындайды.

Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын оларды алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

3) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

4) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.

Уәкілетті орган өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:

1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

3) мүгедектікті белгілеу туралы;

4) мүгедектігі бар адамға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;

5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы;

6) Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.»;

8-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінішті және осы Стандарттың 5-тармағында көзделген құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектігі бар адамдардың және қарт адамның тұратын жеріне барады және осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісін жасайды.»;

9, 10 және 11 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Қызмет алушы үйде қызмет көрсету үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызмет көрсету үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:

1) жергілікті атқарушы органдардың арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

3) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;

4) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, осы Стандарттың 5-тармағының 3-абзацында көрсетілген құжаттар.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызметтер көрсету ұйымына жіберу туралы талап тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган үйде қызметтер көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткен жағдайларда қолданылмайды.

  1. Ұлы Отан соғысының ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерге, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына арнаулы әлеуметтік қызметтер үйде қызметтер көрсету ұйымдарымен бірінші кезекте беріледі.
  2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж және бір отбасында тұратын балалар, ТҚА бұзылған балалар, он сегіз жастан асқан адамдар, мүгедектігі бар адамдар мен қарттар жеке адам ретінде есептеледі.»;

20-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша:

үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру;

хат жазу және оқуға көмек көрсету;

ыстық тамақ, азық-түлік және күнделікті қажетті азық-түліктік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізіп беруге жәрдемдесу;

ас әзірлеуге көмектесу;

пеш жағуға, отын, көмір және су әкелуге жәрдемдесу;

киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды алып келуге жәрдемдесу;

кір жууға көмектесу;

тұрғын үй-жайларды жөндеуге және жинауға жәрдемдесу;

тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу;

жерлеу қызметтерін ұйымдастыруға көмектесу (қайтыс болған қызметтерді алушының туыстары (заңды өкілдері) болмаған кезде) жатады.»;

21-тармақта:

3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) пеш жағуға, ағаш, көмір және су тасуға жәрдемдесу орталықтан жылытылмайтын және (немесе) сумен жабдықталмаған тұрғын үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға көрсетіледі.

Бір келгенде 30 кг дейін ағаш пен көмір әкелінеді және 30 литрге дейін су тасылып, күл, су шығарылады.»;

5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) жерлеу қызметін ұйымдастыру (қайтыс болған қарттардың және мүгедектігі бар адамдардың туыстары немесе олардың оны жерлеумен айналысуға құлқы болмаған кезде) қайтыс болған қызмет алушының діни нанымы ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;

22-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға санитариялық-гигиеналық қызметтер көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);»;

23-тармақта:

4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызметтерді алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әр түрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және медициналық сипаттағы сұрақтары) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

Қызметтерді алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектігі бар адамдарды отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;»;

12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) мүгедектігі бар адамдарға және қарт адамдарға санитариялық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайы мен көңіл күйінің жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жояды;»;

28-тармақта:

1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедекттігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау;»;

3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жатады»;

29-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесе алатын іс-шаралармен жалғастырылады;»;

32-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және аботбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру жатады.»;

35-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасылық тәрбиенің өзге нысандарын алуға, мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуы үшін) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету, қызметтерді алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Үйде қызметтер көрсету ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелігін бағалау үшін келісімшарт негізінде қосымша мамандарды тартуға болады.»;

39-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың күтімі жөніндегі әлеуметтік қызметкерді арнайы киіммен,жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптар) қамтамасыз ету.»;

1, 2, 3 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 7, 8, 9 және 10-қосымшыларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:

Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Егде тартқан жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігіне байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуі, қозғалуы қиын қызметтерді алушылар медициналық ұйымның және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес қарттарға, мүгедектерге және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын стационарлық үлгідегі ұйымға қабылданады.»;

21-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жүріп-тұруы қиын және өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың болуы үшін жағдай жасау;»;

33-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдары қарттарға, мүгедектерге және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын стационар үлгідегі ұйымдарға орналастыруға қажетті құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу;»;

2-қосымша осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспановқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

бұйрық жобасы
Дата публикации
08 июля 2022