«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Консультация беру нәтижелері бойынша адам немесе отбасы (бұдан әрі – өтініш беруші) өз тарапынан немесе отбасының атынан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш береді.
Бұл ретте, өтініш берушіде сәйкестендіру үшін өзімен бірге қағаз жеткізгіштегі жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), қандастар куәлігі не оның орнына сәйкестендіру үшін ол цифрлық құжаттар сервисінде болған жағдайда электрондық құжат болуы қажет.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын бірге тұратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінішті қосымша береді.
Он алты жасқа толмаған адамның атынан ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісу туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші беріледі.
Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін портал арқылы өтініш жасауға құқылы.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өтініш қабылдау кезінде Орталық немесе әкім өтініш берушінің қатысуымен «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) сұрау салуды дербес келесі мәліметтерді алу үшін қалыптастырады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;
2) қандас мәртебесі туралы;
3) босқын мәртебесі туралы;
4) шетелдік мәртебесі туралы;
5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;
6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;
8) мүгедектікті белгілеу туралы;
9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;
11) бала асырап алу туралы;
12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы;
13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы;
14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);
15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы;
16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;
17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;
18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);
19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;
20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы;
21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;
22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;
23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;
24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы.
Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде электрондық өтінішті қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және портал уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы электрондық өтінішті жібереді.
Өтініш беруші талап етілетін құжаттарды берген кезде өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған «портал» арқылы келіп түскен электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:
1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;
2) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу, сондай-ақ тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;
3) отбасының барлық мүшелерінде бір елді мекен шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелуінің болуы.
Жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда өтінішті өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына ауыстыру жүргізіледі.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мемлекеттік органның немесе ұйымның тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды береді, ал өтініш берушінің ондай мүмкіндігі болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша Орталық, ауылдық жерде - әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.
Портал арқылы электрондық өтініш келіп түскен кезде Орталық осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мәліметтерді алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерге сұрау салуларды қалыптастырады, ал қажет болған кезде тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.
Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салуды ресімдеген жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ҚЭТ-ты қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге дейін ұзартылады.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын өтінішті және құжаттарды үшінші тұлғалардың атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін беруі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.
Өтініш беруші құжаттарды салыстырып тексеру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін талаптарға сәйкес болған жағдайда:
1) әкім бір жұмыс күні ішінде:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеу журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. Ақпараттық жүйелерге қолжетімділік болған кезде – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында тіркейді;
Осы Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтарда көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды қамтитын құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттардың электрондық топтамасын (бұдан әрі - ҚЭТ) қалыптастырады және оны тиісінше өзінің қолымен немесе ЭЦҚ арқылы куәландырады.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салуды ресімдеген жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесін жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ҚЭП-ты қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады;
өтініш қабылданғаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін оны және қалыптастырылған құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға береді;
Әкім учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, өтініш берушінің құжаттар топтамасын Орталыққа береді;
2) Орталық бір жұмыс күні ішінде:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. «Портал» арқылы келіп түскен электрондық өтінімдер осы Қағидаларға 3.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түскен азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналында тіркеледі;
еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін, олардың өтініштері бойынша «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркейді;
өтініш берушінің құжаттар топтамасын немесе ҚЭП-ын қалыптастырады және оны өзінің қолтаңбасымен немесе тиісінше ЭЦҚ арқылы куәландырады;
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жазбаша сұрау салуды ресімдеген жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік отыз күнге дейін мерзімге ұзартылады;
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салуды рәсімдеген жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесін жазбаша сұрау салумен хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ЭҚП қалыптастыру пакетін әзірлеу мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады;
өтінішті қабылдағаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін оны және қалыптастырылған құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға береді.»;
19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1. Қажет болған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын адамға өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылады.
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» және «Электрондық үкімет» порталының мобильдік қосымшасында қолжетімді.
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат, ол туралы мәліметтер сұратылып отырған адамның келісімі болған жағдайда, портал арқылы жіберілетін жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) сұрау салуы бойынша ұсынылады.
Мәлімет сұралатын адам сұрау салуды алған сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде порталдағы «жеке кабинет» арқылы не мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы оның (оның отбасының) үшінші тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпаратты ұсынуға өзінің келісімін не келіспеушілігін бір реттік парольді пайдалана отырып портал хабарламасына жауап ретінде білдіреді.
«Порталда» жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Келісім алғаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат сұрау салуды жүзеге асырған үшінші тұлғаның «жеке кабинетіне» жіберіледі.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі