«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы ________№ ___ бұйрығының жобасына

   баспасөз-релизі

 

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы ________№ ___ бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрықтың жобасы) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы № 129-VII Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Бұйрық жобасымен:

1) «мүгедек» ұғымын «мүгедектігі бар адамға», «мүгедек бала» ұғымын «мүгедектігі бар балаға» ауыстыру;

2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің эксаумақтық қағидатын енгізу;

3) зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін ұсынылатын құжаттар тізбесінен табыс сомалары туралы анықтаманы алып тастау;

4) редакциялық сипаттағы түзетулер қарастырылған.

Жобаны қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздемейді.

Жоба теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

 

Бұйрық жобасына баспасөз релизі
Дата публикации
14 июля 2022