«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
    2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 6-баптарына, «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі – зейнетақылар), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақылар) алуға құқығы бар адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін жеке басты куәлпндыратын құжатты ұсынады:

1) Мемлекеттік корпорация арқылы – зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау үшін.

Бұл ретте, «бір өтініш» қағидаты бойынша өтініш берушінің таңдауы бойынша мыналар:

Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы мен зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін;

белгіленген тәртіппен мүгедектігі бар адам деп танылған адамдар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беруі мүмкін;

2) Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы – мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін «бір өтініш» қағидаты бойынша беріледі;

3) портал арқылы – базалық зейнетақы, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау үшін;

4) проактивті қызмет арқылы – мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау кезінде проактивті қызмет арқылы өтініш беру талап етілмейді. Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету тәртібі осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген.

Қандас мәртебесі бар адамдар зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін қандас куәлігі ұсынылады.

Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті олардың заңды өкілдері береді.

Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.

Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.

  1. Құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті автоматтық жүйеге (бұдан әрі – АЖ) сұрау салуды қалыптастырады:

«Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры АЖ-ге – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;

МЗЖ АЖ-не – жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүргізілген арташа айлық табыстың барынша тиімді мөлшерін белгілеу үшін және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және ««Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың мөлшерлемелері бойынша сомаларының сәйкестігіне;

«АХАЖ» АЖ-ге – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 мамырдан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);

«Е-Қорғаншылық» АЖ-ге – қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;

«Жоғарғы сот» АЖ-ге – бала (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі бойынша сұрау салу бойынша;

«Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйе» АЖ – адамның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегені жөнінде мемлекеттік кірістер органынан анықтама бойынша, сондай-ақ Заңның 24-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке кәсіпкердің, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалардың, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстар алатын жеке тұлғалардың табысы туралы деректер бойынша;

«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер базасы» АЖ мүгедектігі белгіленгені туралы мәліметтердің болуына;

«АХАЖ» АЖ-ға – қайтыс болғаны туралы куәлік бойынша (2008 жылғы 1 мамырдан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеу бойынша қалыптастырады).

Өтініш электрондық не қағаз түрінде беріледі, қол қойылады немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.

АЖ мәліметтермен сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке тиісті құжаттар қоса беріледі.

Электрондық құжаттар цифрлық құжаттардың сервисі арқылы қалыптастырылады, тексеріледі және пайдаланылады.»;

5-тармақта:

  • тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар Ресей Федерациясының валютасымен төленген табысы туралы жұмыс берушінің анықтамасы (бар болса);

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсынан алады;»:

5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«1-1) міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффиценті қолданылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған табыс, сондай-ақ табыстары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан алып тасталған қызметтен түскен табыс осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің табыстар туралы анықтамасы;»;

  • тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:

еңбек кітапшасы;

еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар, нақтылық болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса архив мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.

Болуына қарай сондай-ақ:

білімі туралы құжат;

әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;

балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;

әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамға және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;

Кеңес Одағы аумағында орналасқан мекемелердің, Қазақстан Республикасы мекемелердің, халықаралық ұйымның қызметкері жұбайы (зайыбы) шетелде тұрғанын растайтын құжат;

әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат;

Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу мемлекетіндегі еңбек қызметін растайтын құжат ұсынылады.

Жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растау үшін мына құжаттардың (олардың болуына қарай) біреуі ұсынылады:

балалардың жеке басын куәландыратын құжат;

балалардың (тегін өзгерткен кезде) неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;

орта-кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;

балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (не азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;».

8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамды және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерді, сексен жасқа толған қарттарды, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы бағып-күтуді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі;

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтерді мемлекеттік АЖ-дан растау кезінде сот шешімін ұсыну талап етілмейді;»;

9-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

«Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін артығымен (қателікпен) төленген міндетті зейнетақы жарналары сомалары қайтаруға жатпайды.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін осы Қағидалардың 3-тармағында тізбеленген құжаттардан басқа, мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқорынан өтініш берушіге мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер сұратылады.

      Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорында мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Қажет болған кезде (олардың бар-жоғына қарай) мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:

1) Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі;

2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;

3) госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;

      4) он сегіз жасқа дейiнгi мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

      5) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию/бұзу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде).»;

18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Көрсетілетін қызметті алушы мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бар бала тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындауға "бір терезе" қағидаты бойынша жүгінген жағдайда МӘС бөлімшесі өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық өтініштен, құжаттардың электрондық көшірмелеріне тұратын электрондық өтінімді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан алынған мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.

  1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталады.

Айырмашылықтар анықталған жағдайда зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуге арналған орташа айлық табыс айырмашылық анықталған айлар үшін табыс сомалары ескерілмей айқындалады.»;

«33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Уәкілетті орган келіп түскен ЭІМ-ді қарайды және осы Қағидаларға 24, 25, 26, 27 және 28-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бес жұмыс күні ішінде, базалық зейнетақы мен жәрдемақыларды ЭІМ-ге түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде тағайындау (өзгерту, төлемді қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

Бас тарту үшін негіздеме анықталған жағдайда,  уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақылар тағайындаудан (төлемді өзгертуден, қалпына келтіруден) бас тарту туралы хабарлама жібереді.

Өтініш берушінің алдын ала шешім бойынша қарсылығын уәкілетті орган оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Уәкілетті орган тыңдау нәтижелері бойынша зейнетақы және жәрдемақылар тағайындау (төлемді өзгерту, қайта бастау) туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

Бұл ретте өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берген жағдайда уәкілетті орган қарау мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей қарау нәтижесін «электрондық үкімет» шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.»;

34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Егер зейнетақы мен жәрдемақылар төлемдерін тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру) туралы шешім қабылдау үшін ЭІМ-ге қосымша құжаттарды қоса тіркеу қажет екені анықталса және (немесе) табыс міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың және жеке табыс салығының аударымдары туралы орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталмаса, уәкілетті орган ЭІМ-ні қайтарады және осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы хабарлама жібереді. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабарлама немесе ұялы телефонға sms-хабарландыру алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды ұсыну туралы, оның ішінде ұялы телефонға sms-хабарландыру жіберу арқылы хабардар етеді. Sms-хабарландырулар осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін sms-хабарландырулардың электрондық журналында тіркеледі.»;

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Мүгедектігі бар адам зейнеткерлік жасқа жеткен кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақыны төлеу тоқтатылады немесе алып отырған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.»;

50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидалардың 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтарында көзделген құжаттарды зейнетақы ісі түскен соң ұсынады.»;

61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«61. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды үйге жеткізіп беру мынадай санаттағы адамдарға:

Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдар мен қатысушыларына;

зейнетақылар мен жәрдемақыларды сексен жастағы алушыларға;

бiрiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

бөгде адамның күтiмiне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға;

почта байланысының автоматтандырылған бөлімшелері (пункттері) болмаған жағдайда ауылдық жерде тұратын адамдарға жүргізіледі.»;

64, 65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«64. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақыларды және жәрдемақыларды төлеуді осы Қағидаларға 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган шешімінің негізінде:

1) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым ұсынатын алушының банк шоттары бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;

2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, қандастың жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;

3) іздеуде жүрген адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісінің, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;

4) ата-ананың(лардың) құқықтарынан және қамқоршыны (қорғаншыларды) құқықтарынан айыру (босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар) туралы), қамқоршыны (қорғаншыны) ауыстыру немесе қайтыс болуы, оның ішінде қамқоршы бір медициналық-әлеуметтік мекемеден басқасына шығып кеткен жағдайда жаңа қамқоршыны (қорғаншыны) тағайындағанға дейінгі фактілер туралы, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;

5) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған адамдардың жеке зейнетақы шоттарына міндетті зейнетақы жарналарын (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын) аудару немесе азаматтың тірі екендігін растайтын ақпараттың келіп түсу фактісінің, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;

6) қайтыс болған асыраушының балаларына, аға-інілеріне, апа-сіңлілеріне немесе немерелеріне күтім жасайтын адамдардың жұмысқа орналасу фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;

7) жасы он сегізден асқан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушының оқу орнынан шығарылғаны туралы немесе оның сырттай оқу нысанына ауыстырылғаны, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;

8) шетел адамның тұруға ықтиярхатын алғанға дейін Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу немесе шығу фактісі анықталғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап;

9) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге сәйкес тағайындалған зейнетақылардан басқа, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде зейнетақы төлемдерін, жәрдемақылар алу фактісі анықталған жағдайда төлемдерді мәліметтер келіп түскен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтата тұрады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден зейнетақы мен жәрдемақыларды алу фактісі анықталған жағдайында, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге сәйкес тағайындалған зейнетақыларды қоспағанда, зейнетақылар мен жәрдемақылардың артығымен төленген сомаларын жапқан жағдайында тоқтатылған күннен бастап жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды төлеуді осы Қағидаларға 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімінің негізінде:

алушының қайтыс болған;

кеткен елінің уәкілетті органынан зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының ісіне сұрау салуы түскен;

зейнетақы немесе жәрдемақы алушының оны әділет органдарынан тіркеуден шығарғанын растайтын құжатпен қоса, зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші түскен;

мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту немесе азаматтығынан шығу фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталған;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының хабарламасы негізінде отставкадағы судьяға ай сайынғы өмір бойы қамсыздандыру тағайындалған (қайта басталған);

әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан зейнеткердің зейнетақы ісінен уәкілетті мемлекеттік органның еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған;

зейнетақы мен жәрдемақылар алушылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталған, оның ішінде АЖ-дан;

өтініш берушінің негізсіз тағайындауға алып келген дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған жағдайларында кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады.

Өтініш берушінің негізделмеген алғашқы тағайындауға әкелген күмәнді мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған жағдайы бойынша зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуді тоқтату жағдайында осы Қағидаларда көзделген тәртіпте жаңа тағайындау процедурасы жүргізіледі.

Уәкілетті орган өтініш берушінің негізделмеген алғашқы тағайындауға әкелген күмәнді мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған жағдайы бойынша төлемді тоқтату туралы шешімді бекіткен кезде алушы тарапынан заңсыз төлемдерді алғандығына қылмыс құрамының болуы немесе болмауы фактісін анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінеді.

Жалған құжаттар ұсыну туралы сот шешімін шығарған кезде зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу алғашқы тағайындау кезінен бастап тоқтатылады.

  1. Осы Қағидалардың 64-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша зейнетақы мен жәрдемақылар төлемдері тоқтатыла тұрған жағдайда төлемдерді қалпына келтіру тоқтатыла тұрған күннен, бірақ оларды алу үшін жүгінер алдындағы үш жылдан аспайтын сәттен бастап осы Қағидаларға 24, 25, 26, 27 және 28-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.»;

86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«86. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайларында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған олардың банк шоттарына аудару арқылы толық көлемде төленеді.»;

89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«89. Өздеріне қатыссыз себептер бойынша алушыларға артық аударылған (төленген) зейнетақылар мен жәрдемақылар сомаларын есептен шығару үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі борышкердің қайда екені белгісіз болуына, борышкердің (жауапкердің) жеке басын анықтау мүмкіндігінің немесе мұрагері болмауына байланысты сомаларды қайтару мүмкін еместігі туралы заңды фактіні белгілеу туралы сот актісін шығару үшін өтінішпен қолданыстағы Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен сот органдарына жүгінеді.

сот актілері (шешімдер, үкімдер, қаулылар, соның ішінде негізсіз баю ретінде алған ақшалай қаражатты қайтаруға жатпайтын сияқты азаматтық заңнамадағы белгіленген негіздер бойынша артығымен аударылған (төленген) сомаларды төлеттіру туралы құыным талабын орындауда, сондай-ақ талап қою мерзімін қолдану жағдайында бас тарту туралы;

жауап берушінің (қарыз алушы, айыпталушы) қайтыс болуына байланысты іс бойынша өндірістің тоқтауы туралы сот актілері (қаулылар, анықтаулар);

борышкердің қайтыс болуына және мұрагері болмауына байланысты атқарушылық өндірісті тоқтату туралы жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу жөніндегі аумақтық бөлімнің қаулысы негізінде есептен шығару актісі бойынша жүргізеді.»;

91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«91. Зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды төлеу тоқтатыла тұрған зейнетақы істері/жәрдемақы алушылардың істері алушының өзi немесе отбасының мүшелерi (мұрагер) жүгінгенге дейiн «Бақылауда» деген белгiмен қолданыстағы iстерден бөлек сақталады.»;

1 және 3-қосымшаларын осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4-қосымша алып тасталсын;

5-1, 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшаларын осы бұйрыққа 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

15-қосымша алып тасталсын;

19, 20, 21, 24, 26, 36, 37, 40, 43, 45, 49 және 50-қосымшаларын осы бұйрыққа 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Е. Сағындықоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

бұйрық жобасы қаз
Дата публикации
14 июля 2022