««Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы ______ № ____ бұйрығының жобасын
ашық нормативтік құқықтық актілердің
интернет-порталына орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің __________ 2022 туралы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына толықтыру енгізу туралы» мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның АӘК тағайындау кезінде, атап айтқанда, тұрғын үйді жалдауды субсидиялау кезіндегі табыстан халықтың табысын екі есе есепке алуды болдырмау мақсатында әзірленді.
Тұрғын үйді жалдауды субсидиялау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бекіткен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес жалпы соманың 50%-ы мөлшерінде беріледі.
Бұйрық жобасы 2022 жылғы 8 шілдеде әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелеріне жіберілді.
2022 жылғы 8 шілдеде бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған.
Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайтындықтан, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңеспен келісу талап етілмейді.