«Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20838 болып тіркелген, 2020 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар адамдар (бұдан                             әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қорға жеке басты куәландыратын құжатпен және осы Қағидаларға 1, 2, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішпен жүгінеді:

1) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем тағайындауға:

жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы;

жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде Мемлекеттік корпорация арқылы.

Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы «бір өтініш» қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Бұл ретте өтінішті қабылдау:

тиісті өңірдің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің орналасқан жері бойынша;

көшпелі отырыстарда:

көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша емдеу-профилактикалық мекемелердің базасында;

мамандандырылған ұйымдарда емдеуде болған жері бойынша;

көрсетілетін қызметті алушының болатын жері бойынша түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында;

үйде, стационарда – егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмаса;

сырттай – куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен, «Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған, ұсынылған құжаттар негізінде куәландырылатын адам тасымалдануға келмейтін болған және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емдеуде болған кезде жүзеге асырылады;

2) асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға Мемлекеттік корпорация арқылы.

Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнің үлесіне құқығы бар адам Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінеді;

3) жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға:

Мемлекеттік корпорация арқылы (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде);

жұмыспен қамту орталығы арқылы – адамды жұмыссыз ретінде тіркеген және «бір өтініш» қағидаты бойынша жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға жүгінген кезде;

портал арқылы – жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде;

«Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы – көрсетілген порталда жұмыссыз ретінде тіркелген кезде;

4) Мемлекеттік корпорация арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға;

5) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға:

Мемлекетік корпорация арқылы;

портал арқылы.

Бұл ретте бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беру «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу кезінде «бір өтініш» қағидаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қарау бала тууды тіркегеннен кейін жүзеге асырылады.»;

14-тармақтың 1-бөлігінің 14-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«куәландыруды және мүгедектік тобын белгілеуді жүргізу туралы (он сегіз жасқа толмаған және осы жастан үлкен балалар, оның ішінде асырап алынған аға, іні, сіңлі, қарындастары бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам деп танылған жағдайда) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған банкі» АЖ-ға;»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Қордың филиалы төрт жұмыс күні ішінде шешім жобасымен ІЭМ-ді қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі – шешім) қабылдайды.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, Қор филиалы өтініш берушіге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес алдын ала шешім туралы хабарламаны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын қор филиалы оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Бұл ретте, егер белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті алушы ауызша қарсылықты ұсынбаса және білдірмесе, бұл алдын ала шешімге қарсылықтың болмауымен тең болады.

Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешімге қарсылықты ұсынған немесе ауызша білдірген жағдайда қор филиалы өтініш білдірушіге тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жолдайды.

Тыңдау нәтижелері бойынша қордың филиалы Әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда әкімшілік орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін «электрондық үкімет» шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Қор филиалдары әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дәйектілігін тексеруі үшін:

әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық түспеген;

төленген әлеуметтік аударымдар сомасы жұмыскердің табысына және (немесе) дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары басшыларының табысына аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасы бойынша сәйкес келмеген;

мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі құжаттар мен мәліметтер сәйкес келмегені негіз болып табылады.

Осы мақсатта қордың филиалы төрт жұмыс күні ішінде, оның ішінде АЖ арқылы мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушіге сұрау салулар жібереді.

Қордың филиалы өтініш берушіден растайтын құжатты (құжаттарды) сұрату арқылы жеке кәсіпкерлерден, шаруа немесе фермер қожалықтарынан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден, әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде жеке практикамен айналысатын адамдардан әлеуметтік аударымдар түскен табысты алу фактісін тексереді.

 Бұл ретте растайтын құжаттарға мыналар жатады:

- жалақы жобасы бойынша ақша қаражатының қозғалысы бойынша айналымдары бар карт-шот бойынша үзінді көшірме;

- ақша қаражатының қозғалысы айналымымен ағымдағы шот бойынша үзінді көшірме;

- қызметкердің жалақысын есептеу ведомосының көшірмесі және (немесе) кассалық шығыс ордері.

Бұл peттe өтініш берушіні әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдауда орын алған кешіктіру және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi туралы, ІЭМ тексеруге жіберілген күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде жазбаша нысанда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі хабардар етеді.

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі қордың филиалынан электрондық хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні:

өтініш беруші өзі жүгінген кезде осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес құжаттарды тексеру туралы хабарлама беру арқылы;

өтініш берушінің мобильді телефонына Short Message Service (Шорт мэсседж сервис) хабарларын (бұдан әрі – sms-хабар) жіберу арқылы АЖ-да мобильді телефонның нөмірі болған кезде хабардар етеді;

құжаттардың тексерілуі туралы sms-хабарлар осы Қағидаларға                           25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.»;

43-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«43-1. Осы Қағидалардың 42, 43-тармақтарында көзделген тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті әлеуметтік аударымдар мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффиценті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған табыс, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған кіріс осы Қағидаларға  5-1-қосымшаға сәйкес төлеуші беретін кірістер туралы анықтама негізінде кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі.»;

46-тармақтың 6-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылатын кезеңдегі қызметтің шектеулеріне байланысты кірістен айырылу жағдайына, орталықтандырылған дерекқордың мәліметтерімен расталған әлеуметтік төлем алу кезеңдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлеуші беретін кірістер туралы анықтаманың негізінде әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициенті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі есептеледі.»;

60-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, бала кезден бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар деп танылған адамдарға қайта куәландыру жүргізілген жағдайда, асыраушысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем қор филиалының шешімі негізінде қайта куәландыру күнінен қайта басталады.»;

мынадай мазмұндағы 60-1-тармақпен толықтырылсын:

«60-1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес есептеу кезінде орташа айлық табыста жеке тұлғаның салық салуға жататын табыстарынан алып тасталған табысы ескерілмеген әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу осы Қағидаларға  5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлеуші беретін кірістер туралы анықтаманы ұсынған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алушының қайта есептеуге арналған өтініші негізінде жүргізіледі.

Әлеуметтік төлемді алушының әлеуметтік төлем мөлшерін қайта есептеу туралы өтінішінің негізінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қор филиалының бекітуі үшін шешім жобасын қалыптастырады.»;

79-тармақтың 2-бөлігінің 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;»;

83-тармақтың 1-бөлігінің 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«83. Мемлекеттік корпорация уақтылы не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеуді мынадай жағдайларда:»;

84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«84. Қордың, қор филиалының және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның, МӘС құрылымдық бөлімшелерінің, жұмыспен қамту орталығының және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану кезінде осы Қағидаларға 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларда көрсетілген мекенжай бойынша қор, қор филиалы, Мемлекеттік корпорация басшысының атына, Министрлік басшысының атына, жергілікті атқарушы орган басшысының, не Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

Шағым почта бойынша не қордың, қор филиалының немесе міндетті әлеуметтік сақтандыру саласын бақылау бойынша уәкілетті органның немесе қордың немесе Министрліктің немесе Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы жазбаша түрде беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, мерзімі және сол шағымға жауап алынатын орыны көрсетіліп міндетті әлеуметтік сақтандыру саласын бақылау бойынша органның, қордың, қор филиалының кеңсесінде Мемлекеттік корпорацияның, әкімдікте тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растайды.

Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Почтамен түскен, не әкелген шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, мерзімі және сол шағымға жауап алынатын орынның көрсетілуі шағымның қабылданғанын (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта көрсетіледі) растайды.

Шағымды портал арқылы жібергенде өтініш берушіге «жеке кабинетінен» қордың, қор филиалының өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады (жеткізілгені туралы белгі, тіркелуі, орындалуы, қаралуы туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Қордың, қор филиалының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласын бақылау бойынша уәкілетті органның, Мемлекеттік копорацияның, әкімдіктің, Министрліктің атына түскен өтініш берушінің шағымы ол тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымның қаралу нәтижелері туралы уәждемеленген жауап пошта байланысы не қордың, Мемлекеттік корпорацияның, Министрліктің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.

Қордың, қор филиалының немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен өтініш берушінің шағымы түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.

 Бұл ретте қор, қор филиалы Мемлекеттік корпорация, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;

1, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Дүйсенова Т.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы «    »

№       

бұйрығына 1-қосымша

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан төленетін

әлеуметтік төлемдерді

тағайындау, мөлшерін есептеу

(айқындау), қайта есептеу,

тоқтата тұру, қайта бастау,

тоқтату сондай-ақ олардың

жүзеге асырылу қағидаларына

1-қосымша

Нысан

Ауданның коды ____________________

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының_______________облысы (қаласы) бойынша филиалы

Өтініш

Азамат(ша)___________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Туған күні ____ жылғы «__» _____________________

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): _______________

□

Банк деректемелері: ______________________________

Банктің атауы ___________________________________

Банк шотының № ________________________________

□

электрондық ақшаның электрондық әмияны __________

Маған_____________________________________(еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына (жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін көрсете отырып), асыраушысынан айырылу жағдайына (асырауындағы адамдардың санын көрсете отырып), жұмысынан айырылу жағдайына, жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді - қажеттісі жазылсын) тағайындауды (үлес бөлуді, қайта бастауды, қайта есептеуді) сұраймын.

Отбасының құрамы туралы мәліметтер (асыраушысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына толтырылады):

1) ____________________________________________________

2) ____________________________________________________

3) ____________________________________________________

4) ____________________________________________________

5) ____________________________________________________

6) ____________________________________________________

7) ____________________________________________________

Өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балаларды қоспағанда, Егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, отбасы құрамында туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған, өлі туған балалар да ескеріледі.

____________________________________________ әлеуметтік төлем мөлшерінің өзгеруіне әкелетін барлық өзгерістер (тоқтата тұру, тоқтату), сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осындай өзгерістер туралы күнтізбелік он күн ішінде хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.

Отбасының мүшелері күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан анықтаманы жыл сайын (оқу жылының басында) ұсыну қажеттілігі туралы хабардармын.

Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1.

2.

3.

Әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға келісім беремін (бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адам толтырады): иә/жоқ

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем бойынша міндетті зейнетақы жарналары субсидияланатыны туралы және агент міндетті зейнетақы жарналарын аударған жағдайда тоқтатыла тұратыны және тоқтатылуы мүмкін екендігі туралы хабардармын.

Дербес деректерімді беру, оның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыру құқығымен Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілген кез келген тәсілмен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта бастау, қайта есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Мемлекеттік корпорацияның өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы                 № 120-VI кодексінің 30-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті салық құпиясы болып табылатын салық органдарынан мәліметтер алуға келісім беремін.

Әлеуметтік төлемді тағайындау (бас тарту) туралы шешім қабылдау туралы sms-хабар жіберу жолымен, телефон байланысы арқылы хабарлауға келісім беремін.

Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шотын немесе электрондық ақшаның электрондық әмианын ашу мүмкіндігі, сондай-ақ осы шоттағы ақшаны, оның ішінде электрондық ақшаның әлеуметтік әмианындағы электрондық ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейтіндігі туралы хабардар етілді.

Төлеуші-ұйымның байланыс телефоны, орналасқан жері______________________________________________

Өтініш берушінің байланыс деректері:

Телефоны ____________ ұялы телефоны __________

Өтініш берген күні: 20 ____ жылғы «___» _________

Өтініш берушінің қолы ___________________

Құжаттар қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы     _____________________________

      (қию сызығы)

____________________________________________ өтініші қоса берілген құжаттармен қабылданды, өтініш тіркелген күн: 20 ___ жылғы «___» __________әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқ екені анықталған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылады.

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы____________________________

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы «    »

№       

бұйрығына 2-қосымша

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан төленетін

әлеуметтік төлемдерді

тағайындау, мөлшерін есептеу

(айқындау), қайта есептеу,

тоқтата тұру, қайта бастау,

тоқтату сондай-ақ олардың

жүзеге асырылу қағидаларына

6-қосымша

«Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – қор)

2

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;

2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі);

3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 15 минут.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметты алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Қағаз түрінде/проактивті/«бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Проактивті қызмет көрсету кезінде:

көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.

2) қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

3) МӘС бөлімшесінде - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кестесі: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №223 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының                           1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.

Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.

проактивті қызмет арқылы:

әлеуметтік төлем тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бірреттік құпиясөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттіккөрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы

Проактивті қызмет арқылы еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасымен ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы берген міндетті келісімі қажет (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі порталда тіркелген, жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін алғаш рет белгілеу кезінде, қызмет алушының әлеуметтік аударымдарының болуы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шоты нөмірінің болуы).

Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет МӘС бөлімшесінде:

1) тиісті өңірдің МӘС бөлімшелерінің (МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің) орналасқан жері бойынша;

2) көшпелі отырыстарда:

көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жеріндегі емдеу-профилактикалық мекемелер базасында;

мамандандырылған мекемелерде емделіп жатқан орны бойынша;

көрсетілетін қызметті алушының барған жері бойынша түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында;

үйде, стационарда – егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмайтын болса;

3) сырттай – куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емделуде жүрген болса, куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған құжаттарды ұсыну негізінде көрсетеді.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің – www.​enbek.​gov.​kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі;

2) мемлекеттік корпорацияның – www.​gov4c.​kz.

Цифрлық құжаттардың сервисі электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бірреттік құпиясөзді пайдалана отырып, «Egov mobile» мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы «    »

№       

бұйрығына 3-қосымша

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан төленетін

әлеуметтік төлемдерді

тағайындау, мөлшерін есептеу

(айқындау), қайта есептеу,

тоқтата тұру, қайта бастау,

тоқтату сондай-ақ олардың

жүзеге асырылу қағидаларына

7-қосымша

«Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – қор)

2

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері

1)«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;

2)ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8(сегіз)жұмыс күні

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты – 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Қағаз түрінде/проактивті

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Проактивті қызмет көрсету кезінде:

көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға               1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                                 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

3) асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі;

4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар немесе мәліметтер, баланың (балалардың) туу туралы мәліметтері, қайтыс болған асыраушының консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеу туралы және неке (ерлі-зайыптылық) және некені бұзу туралы, асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер;

5) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы                                   8 маусымдағы № 217 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 20838 болып тіркелген,  2020 жылғы    12 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің білім алатыны немесе күндізгі оқу нысанында білім алатыны туралы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады).

6) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.

Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Проактивті қызмет арқылы:

әлеуметтік төлем тағайындау үшін-проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

Бұл ретте,оларды екінші деңгейдегі банктен алу мүмкін болған кезде банк шотының нөмірін ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бірреттік құпиясөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы

Мемлекеттік қызмет қағаз нысанында, сондай-ақ проактивті қызмет арқылы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган «АХАЖ «Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде еңбекке жарамсыз асырауындағы адамдар болған жеке тұлғаның қайтыс болуын тіркеу туралы хабарламаны алған кезде, асыраушысының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісінің болуы) көрсетіледі.

Проактивті қызмет арқылы асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасымен ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жіберілген міндетті келісімі қажет.

Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін мекен-жайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - www. enbek. gov. kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - www. gov4c. kz.

Цифрлық құжаттардың сервисі электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бірреттік құпиясөзді пайдалана отырып, «Egov mobile» мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы «    »

№       

бұйрығына 4-қосымша

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан төленетін

әлеуметтік төлемдерді

тағайындау, мөлшерін есептеу

(айқындау), қайта есептеу,

тоқтата тұру, қайта бастау,

тоқтату сондай-ақ олардың

жүзеге асырылу қағидаларына

8-қосымша

«Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – қор)

2

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

2) Халықты жұмыспен қамту орталығы;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы (www. egov. kz) (бұдан әрі – портал);

4) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік порталы;

5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

6 (алты) жұмыс күні.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 15 минут, халықты жұмыспен қамту орталығында – 30 минут.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты – 20 минут, халықты жұмыспен қамту орталығында – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Электрондық (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде/проактивті/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Порталда, «Электрондық еңбек биржасы» порталында:
қор филиалы басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы, «Электрондық еңбек биржасы» порталындағы «жеке кабинетіне» жіберілген, осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық хабарлама.

Проактивті қызмет көрсету кезінде:
көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

2) халыққа қызмет көрсету орталығы – мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрестіледі.

3) порталда, «Электрондық еңбек биржасы» порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

4) қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға                           1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.

Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Халықты жұмыспен қамту орталығына берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.Порталда, «Электрондық еңбек биржасы» порталында:

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы портал, «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы, электрондық өтініште көрсетілген банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Әлеуметтік төлем тағайындау туралы ақпарат алу үшін-көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Проактивті қызмет арқылы:

әлеуметтік төлем тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

Бұл ретте, банк шотының нөмірін екінші деңгейдегі банктен алу мүмкін болған кезде оны ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бірреттік құпиясөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы

Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде, соның ішінде «бір өтініш» қағидаты (көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу кезінде «бір өтініш» қағидаты бойынша жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жіберіледі), бойынша электрондық түрде, сондай-ақ проактивті қызмет арқылы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген кезде, халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеген кезде, көрсетілетін қызметті алушыда әлеуметтік аударымдардың болуы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шот нөмірінің болуы) көрсетіледі.

Проактивті қызмет арқылы жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасымен ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жіберілген міндетті келісімі қажет.

Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, электронды цифрлық қолтаңба немесе бір реттік пароль болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - www. enbek. gov. kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – www. gov4c. kz.

Цифрлық құжаттардың сервисі электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бірреттік құпиясөзді пайдалана отырып, «Egov mobile» мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы «    »

№       

бұйрығына 5-қосымша

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан төленетін

әлеуметтік төлемдерді

тағайындау, мөлшерін есептеу

(айқындау), қайта есептеу,

тоқтата тұру, қайта бастау,

тоқтату сондай-ақ олардың

жүзеге асырылу қағидаларына

9-қосымша

«Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – қор)

2

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;

2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты – 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

қағаз түрінде/ проактивті

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Проактивті қызмет көрсету кезінде:

көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

2) қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға                             1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының                            1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

3) жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары).

Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Проактивті қызмет арқылы:

әлеуметтік төлем тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

Бұл ретте, банк шотының нөмірін екінші деңгейдегі банктен алу мүмкін болған кезде оны ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бірреттік құпиясөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы

Проактивті қызмет арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген кезде, жүктілікке және босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру туралы хабарлама алу, көрсетілетін қызметті алушыда еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жұмыстан босатудың алдыңғы күнінің алдындағы айға әлеуметтік аударымдардың болуы, «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесінде жүктілікке және босануға байланысты жұмыстан босатудың мәліметтерінің болуы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірінің болуы).

Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мнистрлігінің www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - www.gov4c.kz.

Цифрлық құжаттардың сервисі электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бірреттік құпиясөзді пайдалана отырып, "Egov mobile" мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы «    »

№       

бұйрығына 6-қосымша

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан төленетін

әлеуметтік төлемдерді

тағайындау, мөлшерін есептеу

(айқындау), қайта есептеу,

тоқтата тұру, қайта бастау,

тоқтату сондай-ақ олардың

жүзеге асырылу қағидаларына

10-қосымша

«Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – қор)

2

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

2) «электрондық үкімет» веб-порталы (www. egov. kz) (бұдан әрі – портал).

3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 15 минут.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты - 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Электронды (толықтай автоматтандырылған)/қағаз түрінде/проактивті/«бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Порталда:

Қор филиалы басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберілген осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық хабарлама.

Проактивті қызмет көрсету кезінде:

көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

3) қорда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға                              1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының                            1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы;

3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама) – салыстырып сәйкестендіру үшін;

Қажет болған жағдайда (олардың болуына қарай):

1) консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) (бар болса) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеуді растайтын құжат;

2) сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы куәлік (куәліктер) (не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтамалар);

3) бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайда – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме;

4) қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда балаға қамқорлық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат;

Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Порталға:

Әлеуметтік төлем тағайындау үшін - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы портал арқылы тағайындауға өтініш;

әлеуметтік төлем тағайындау туралы ақпарат алу үшін-көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін, банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзіндіні, қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы құжатты өтініш беруші электрондық өтініште көрсетілген тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

проактивті қызмет арқылы:

әлеуметтік төлем тағайындау үшін-проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

Бұл ретте, банк шотының нөмірін екінші деңгейдегі банктен алу мүмкін болған кезде оны ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бірреттік құпиясөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметін алу кезінде мемлекеттік қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі.

Проактивті қызмет арқылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген, баланың тууы туралы акт жазбасын тіркеген кезде, көрсетілетін қызметті алушыда әлеуметтік аударымдардың болуы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірінің болуы) жіберілген міндетті келісімі қажет.

Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, электронды цифрлық қолтаңба немесе бір реттік пароль болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің - www. enbek. gov. kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - www. gov4c. kz.

Цифрлық құжаттардың сервисі электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бірреттік құпиясөзді пайдалана отырып, «Egov mobile» мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.

Бұйрық жобасы
Дата публикации
06 июля 2022