«Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө-м бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасының 8-тармағын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасының 8-тармағын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейін есептеу (ЕТЖжинақ) 2022 жылға дейін заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі әр жыл үшін ең төменгi жалақының өсу коэффициенттерін мынадай формула бойынша көбейту арқылы жүргізіледі:
мұндағы ЕТЖn – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі қаржы жылының 1 қаңтарына республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген және қолданыстағы ең төменгі жалақы мөлшері;
n – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі жыл;
(n + x) – ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш білдірген (қайта есептеген) жыл.
Бұл ретте ЕТЖжинақ үтiрден кейiн үш белгiге дейiн дөңгелектенедi. Егер төртiншi белгi 5-ке тең немесе одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады.
Егер заңды тұлға 2021 жылғы 31 желтоқсаннан кейін банкрот деп танылса, ЕТЖжинақ мәні 1-ге тең.»;
мынадай редакциядағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Айлық есептік көрсеткіштің (АЕКжинақ) жинақталған өсу деңгейін есептеу 2022 жылдан бастап ай сайынғы төлемдер (қайта есептеу) түрінде әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген жылға дейін әрбір жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерінің өсу коэффициенттерін көбейту мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда АЕКn - 2022 жылдың 1 қаңтарына республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері;
(n + x) – ай сайынғы төлемдер (қайта есептеу) түрінде әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасалған жыл.
2022 жылы ай сайынғы төлемдер (қайта есептеу) түрінде әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген кезде айлық есептік көрсеткіштің жинақталған өсу деңгейін есептеу (АЕКжинақ) 2022 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерін алдыңғы жылға республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріне бөлу жолымен мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда АЕКn - 2022 жылғы 1 қаңтарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері.
Бұл ретте АЕКжинақ үтірден кейін үш белгіге дейін дөңгелектенеді. Егер төртінші белгі 5 немесе одан көп болса, онда үшінші белгіге бірлік қосылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер (АТ) түріндегі әлеуметтік көмек ай сайынғы төлем мөлшерін (АСТМ) ЕТЖжинаққа және АЕКжинаққа көбейту арқылы айқындалады:
АТ = АСТМ * ЕТЖжинақ*АЕКжинақ»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек мөлшерін жыл сайын арттыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ұсынатын инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.».
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.