«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына
Пресс-релизі
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы 2022 жылғы 27 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойыншаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Осылайша, «Мүгедек» сөзі «Мүгедектігі бар адам» сөзіне ауыстырылды.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде бұйрық жобасы Аккредиттелген ұйымдарға, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына, М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университетіне және еңбек мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері сараптамалық қорытынды алу үшін жіберілді.
Сондай-ақ, 2022 жылғы 5 шілдеде бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.