Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын Азаматтық қызметшілер тізілімінің функционалдық блоктарына және білікті жұмысшыларға жатқызу жөніндегі ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

 «Бекітемін»  

 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі

___________Т. Дүйсенова

2016 жылғы   18   қаңтар

 

 

Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын Азаматтық қызметшілер тізілімінің функционалдық блоктарына  және білікті жұмысшыларға жатқызу жөніндегі

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Әдістемелік ұсынымдар тиісті сала қызметтерінің уәкілетті мемлекеттік органдарына Азаматтық қызметшілер лауазымдары тізілімін әзірлеу  бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 1-қосымшасына сәйкес Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптау негізінде әзірленген.
  2. Азаматтық қызметшілердің лауазымдары блоктық бөлу және қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне, атқаратын жұмысының салалық ерекшеліктеріне, білімі мен кәсіби біліктілігінің деңгейіне байланысты әр түрлі төлеу деңгейлерінің болуы принципіне сәйкес сараланған.
  3. Функционалдық блоктарға:
  • А Блогы  (басқару персоналы)  (бұдан әрі - А Блогы);
  • В Блогы  (негізгі персонал) (бұдан әрі - Б Блогы);
  • С Блогы  (әкімшілік  персонал) (бұдан әрі - В Блогы);
  • D Блогы  (қосалқы персонал) (бұдан әрі - D Блогы) кіреді.
  1. Азаматтық қызметшілер лауазымдарын А Блогына жатқызу

        А Блогы мемлекеттік мекемелер мен мемелекеттік қазыналық кәсіпорындардың басқарушы қызметкерлерінен тұрады. Аталған блокта мемлекеттік мекеменің (бұдан әрі – ММ) және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (бұдан әрі – МҚК) басқарудың сатылы тарамды жүйесіндегі басқарушы қызметкердің орны, сондай-ақ осымен байланысты басқару шешімдерін қабылдау, жұмыстың күрделілігі мен жауапкершілігі, қабылданған шешімдерді іске асыру салдарының маңыздылығы бөлігіндегі өкілеттіктері есепке алынады.

А Блогына талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес жоғары немесе орта кәсіптік білімнің болуын талап ететін және ұйымдастырушылық басқару функцияларын орындайтын азаматтық қызметшілердің лауазымдары кіреді.

   А Блогы үш буынға (А1, А2, А3) бөлінген,  әр бірінде  7 сатыдан бар.

 А Блогында басшылар лауазымдарын буындарға және сатыларға бөлу екі критериймен шартталған - ұйымдастырушылық менеджменті деңгейі және басқару жауапкершілігінің деңгейі.

         Ұйымдастырушылық менеджменті деңгейі бойынша:

А1 буынына  ММ және МҚК-нің бірінші басшылары мен  басшыларының орынбасарлары кіреді.

А2 буынына ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің1  басшылары мен  басшыларының орынбасарлары кіреді.

А3 буынына ММ мен МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер2 басшылары мен олардың орынбасарлары кіреді.

Жаңа реестрдің идеологиясына сәйкес басшыларды әр менеджмент деңгейіне өзінің функционалдық өкілеттіктері, міндеттері мен біліктіліктері тән ішкі басқару деңгейлері арасында айқын шектеу мүмкіндігі туады.

Басқару жауапкершілігінің деңгейі бойынша:   

басқару персоналы қызметкерлерін сатылар бойынша бөлу тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша әзірлеген Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзіліміне сәйкес бекітілген Тиісті саланың ММ және МҚК-ін басқару жауапкершілігіне қарай республикалық, облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар ұйымдарға бөлуге сәйкес жүргізіледі.

  1. ММ және МҚК-ні басқарушылық жауапкершілігіне қарай республикалық, облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар ұйымдарға бөлудің негізгі критерийлері:

__________________________

ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелері – ұйымның негізгі стратегиялық функцияларын орындайтын, өзінің құрамында  бөлімшелері бар оқшауланған ірі ұйымдастыру бірліктері.

Мысалы:

  • жоғары оқу орнының (бұдан әрі – ЖОО) құрылымдық бөлімшелеріне мамандықтар бойынша факультеттер, ақпараттық-есептеу орталығы және басқалар;
  • ғылыми-зерттеу институттардың бөлімшелеріне (бұдан әрі – ҒЗИ) клиникалар, зертханалар жатады
  • ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелері – негізгі құрылымдық бөлімшелердің құрамына кіретін ұйымдастыру бірліктері.

Мысалы:

  • ЖОО-ның бөлімшелеріне магистратура, докторантура, оқу зертханасы және басқалар;
  • ҒЗИ-ның  бөлімшелеріне топтар (негізгі және қамсыздандыратын қызметтердің) жатады.

 

1) республикалық маңызы бар ұйымдарға:

жалпы республикалық маңызы бар міндеттерді орындайтын;

бүкіл елдің ауқымында (немесе республиканың бірнеше аудандарының ауқымында) функциаларды орындайтын және жеке және/немесе заңды тұлғаларға  мемлекеттік қызметтерді көрсететін ММ мен МҚК-ні жатқызу қажет.

2) облыстық маңызы бар ұйымдарға:

облыстық (оның ішінде, республикалық маңызы бар қалалар) маңызы бар міндеттерді орындайтын;

қызметінің аумақтық ерекшелігі анық көрінетін, бір немесе бірнеше өңірлер ауқымында функцияларды орындайтын және жеке және/немесе заңды тұлғаларға  мемлекеттік қызметтерді көрсететін ММ мен МҚК-ні жатқызу қажет.

3) аудандық маңызы бар ұйымдарға:

аудандық  (оның ішінде, облыстық маңызы бар қалалар, Астана және Алматы қ.қ. ауданы) маңызы бар міндеттерді орындайтын;

қызметінің аумақтық ерекшелігі анық көрінетін, аудан/аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, Астана және Алматы қ.қ. аудандары) ауқымында функцияларды орындайтын және жеке және/немесе заңды тұлғаларға  мемлекеттік қызметтерді көрсететін ММ мен МҚК-ні жатқызу қажет.

4) ауылдық маңызы бар ұйымдарға:

ауылдық маңызы бар міндеттерді орындайтын;

қызметінің аумақтық ерекшелігі анық көрінетін, ауыл ауқымында функцияларды орындайтын және жеке және/немесе заңды тұлғаларға  мемлекеттік қызметтерді көрсететін ММ мен МҚК-ні жатқызу қажет.

  1. Аталған критерийлерге сәйкес ММ және МҚК басшылары 7 сатыдан тұратын бар үш буынға бөлінді:

А1 бірінші буынында:

А1-1-ге республикалық маңызы бар ММ және МҚК-нің бірінші басшылары жатады;

А1-1-1-ге республикалық маңызы бар ММ және МҚК бірінші басшыларының орынбасарлары жатады;

А1-2-ге облыстық маңызы бар ММ және МҚК-нің бірінші басшылары жатады;

А1-2-1-ге облыстық маңызы бар ММ және МҚК бірінші басшыларының орынбасарлары жатады;

А1-3-ке аудандық маңызы бар ММ және МҚК-нің бірінші басшылары жатады;

А1-3-1-ге аудандық маңызы бар ММ және МҚК бірінші басшыларының орынбасарлары жатады;

А1-4-ке ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшылары жатады.

А2  екінші буынында:

А2-1-ге республикалық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, басшының әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі орынбасарлары, бас бухгалтерлер жатады;

А2-1-1-ге республикалық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, оның ішінде бас бухгалтерлердің орынбасарлары жатады;

А2-2-ге облыстық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары,  басшының әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі орынбасарлары, бас бухгалтерлер жатады;

А2-2-1-ге облыстық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары,  оның ішінде бас бухгалтерлердің орынбасарлары жатады;

А2-3-ке аудандық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары,  басшының әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі орынбасарлары, бас бухгалтерлер жатады;

А2-3-1-ге аудандық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, оның ішінде бас бухгалтерлердің орынбасарлары жатады;

А2-4-ке ауылдық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жатады.

А3  үшінші буынында:

А3-1-ге республикалық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары жатады;

А3-1-1-ге республикалық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшыларының орынбасарлары жатады;

А3-2-ге облыстық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары жатады;

А3-2-1-ге облыстық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелері басшыларының орынбасарлары жатады;

А3-3-ке аудандық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары жатады;

А3-3-1-ге аудандық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлек бөлімшелері басшыларының орынбасарлары жатады;

А3-4-ке ауылдық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жатады.

Ескертпе:

кейбір жағдайларда А1, А2 және А3 буындарына  аталған еңбекақы деңгейіне теңестірілген басқа лауазымдар жатқызылуы мүмкін.

  1. Азаматтық қызметшілердің лауазымдарын В Блогына жатқызу

В Блогына жоғары немесе орта кәсіптік білімінің болуын талап ететін және ұйымның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруды қамтамасыз ететін азаматтық қызметшілердің лауазымдары жатады.

В Блогы мыналардан:

1)  барлық қызмет саласына бірыңғай болып табылатын В1 буынынан;

2)  «Білім беру» және «Денсаулық сақтау» салалары үшін  В2, В3, В4 буындарынан;

3) «Өзге де салалар» үшін В2, В3 буындарынан тұрады.

  1. В блогында негізгі персоналдың қызметкерлерін сатыларға бөлу екі критерий бойынша жүзеге асырылған:

кәсіптік білім, біліктілік деңгейінің болуы;

біліктілік санатының болуы.

  1. В1 буынына ЖОО-лардың, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, біліктілікті арттыру институттарының оқытушылары, сондай-ақ, ғылыми, ғылыми-практикалық орталықтардың қызметкерлері және сараптамамен айналысатын сарапшылар кіреді.

Бұл буын білім деңгейіне, біліктілік мінездемесіне, ғылыми дәрежелер мен атақтарының болуына, сондай-ақ кәсіптік тәжірибесіне қарай лауазымдарға бөлінген 5 сатыдан (В1-1, В1-2, В1-3, В1-4, В1-5) тұрады.

  1. В2 буынына «Білім беру» және «Денсаулық сақтау» салаларының біліктілігі жоғары деңгейдегі негізгі персонал мамандары (барлық мамандықтағы мұғалімдер және дәрігерлер) кіреді.

Бұл буын тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен тәртіппен берілетін біліктілік санаттарының  болуына қарай лауазымдарға бөлінген 4 сатыдан (В2-1, В2-2, В2-3, В2-4) тұрады:

В2-1-ге біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты  мамандар (барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер) жатады;

В2-2-ге біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар (барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер) жатады;

 В2-3-ке біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар (барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер) жатады;

В2-4-ке біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар (барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер) жатады;

2) В3 буынына «Білім беру» және «Денсаулық сақтау» салаларының біліктілігі жоғары деңгейдегі негізгі персонал мамандары (тәрбиеші, мейіргер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог және басқалар) кіреді.

Бұл буын да тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен тәртіппен берілетін біліктілік санаттарының болуына қарай лауазымдарға бөлінген 4 сатыдан (В2-1, В2-2, В2-3, В2-4) тұрады:

В3-1-ге біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты  негізгі персоналдың өзге мамандары (педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, қосымша білім беру педагогі, мейіргер, провизор (фармацевт) және т.б.) жатады;

В3-2-ге біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты  негізгі персоналдың өзге мамандары (педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, қосымша білім беру педагогі, мейіргер, провизор (фармацевт) және т.б.) жатады;

В3-3-ке біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты  негізгі персоналдың өзге мамандары (педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, қосымша білім беру педагогі, мейіргер, провизор (фармацевт) және т.б.) жатады;

В3-4-ке біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ  негізгі персоналдың өзге мамандары (педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, қосымша білім беру педагогі, мейіргер, провизор (фармацевт) және т.б.) жатады;

3) В4 буынына «Білім беру» және «Денсаулық сақтау» салаларының біліктілігі орташа деңгейдегі негізгі персонал мамандары кіреді.

Бұл буын да тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен тәртіппен берілетін біліктілік санаттарының  болуына қарай лауазымдарға бөлінген 4 сатыдан (В2-1, В2-2, В2-3, В2-4) тұрады:

В4-1-ге біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары (барлық мамандықтағы мұғалімдер, мейіргер, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық) және т.б.) жатады;   

В4-2-ге біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары (барлық мамандықтағы мұғалімдер, мейіргер, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық) және т.б.) жатады;   

В4-3-ке біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары (барлық мамандықтағы мұғалімдер, мейіргер,фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық) және т.б.) жатады;       

В4-4-ке біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары (барлық мамандықтағы мұғалімдер, мейіргер, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық) және т.б.) жатады.  

Жоғарыда аталған білім беру және денсаулық сақтау салалары ұйымдары қызметкерлерінің негізгі персонал лауазымдарын бөлу басқа қызмет салаларында мамандық бойынша тиісті лауазымдарды атқаратын және жұмыстарды орындайтын ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылады.

  1. «Өзге де» салалардың В2 және В3 буындарына денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызметкерлердің негізгі лауазымдарынан басқа негізгі персоналдың барлық лауазымдары жатады. Мысалы: ұйымның негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мұрағатшы, әртіс, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, эколог, жаттықтырушы.

В2 буыны 4 сатыдан тұрады:

В2-1-ге біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары жатады;

В2-2-ге біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары жатады;

В2-3-ке біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары жатады;

В2-4-ке біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары жатады.

В3 буыны 4 сатыдан тұрады:

В3-1-ге біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты  негізгі персонал  мамандары  жатады;

В3-2-ге біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты  негізгі персонал мамандары жатады.

В3-3-ке біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты  негізгі персонал мамандары жатады.

В3-4-ке біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ  негізгі персонал мамандары жатады.

  1. Азаматтық қызметшілердің лауазымдарын С Блогына жатқызу

12. С Блогына жоғары және орта кәсіптік білімінің болуын талап ететін, ұйымға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін әкімшілік-шаруашылық және құқықтық функцияларды орындайтын азаматтық қызметшілердің лауазымдары жатады.

13. С блогы барлық қызмет салаларына ортақ болып табылады және үш С1, С2, С3 буындарынан тұрады.

С блогында әкімшілік персонал қызметкерлерін буындарға бөлу кәсіптік білімі және біліктілік деңгейі критерийі бойынша айқындалған.

С1 буынына ұйымдардың бөлімшелерінің шаруашылық меңгерушілері  және басқа бөлек оларға теңестірілген лауазымдар кіреді;

С2 буынына ұйымға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін әкімшілік-шаруашылық, құқықтық функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар (мысалы: бухгалтер, экономист, заңгер, аудармашы, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, инспектор, нұсқаушы, әдіскер, редактор, статист, техник және т.б.) кіреді;

С3 буынына:

 ұйымға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін әкімшілік-шаруашылық және құқықтық функцияларды орындайтын біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар (мысалы: бухгалтер, заңгер, аудармашы, экономист, инспектор, нұсқаушы, әдіскер, редактор, статист, техник және т.б.) кіреді;

 ұйымдарда шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшелер басшылары (монша, гараж, сақтау камера, костюмерная, қазан, сүт асханасы, кір жуатын бөлме, қойма, смена, станция, торап, учаске, шаруашылық, бөлім және т.б. басшылары) жатады.

  1. Азаматтық қызметшілердің лауазымдарын  D Блогына жатқызу.

14. D Блогы барлық қызмет салаларына ортақ, оған техникалық функцияларды орындайтын және ұйымның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдардың техникалық орындаушылары жатады. Мысалы: архивариус, комендант, оператор, тіркеуші, диспетчер, хатшы, күзетші, іс жүргізуші, рұқсаттама бюросының кезекшілері және т.б.

      6. Білікті жұмысшыларды азаматтық қызметшілерге жатқызу

15. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес қызметі кәсіптік даярлықты және арнайы білімдерді талап ететін білікті жұмысшылар азаматтық  қызметшілерге жатады.

 

Дата публикации
06 декабря 2019