«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);»;
5-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«өз бетінше тұруды сүйемелдеу қызметтерін ұсыну туралы шешім қабылданған он сегіз жастағы адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға арналған, жоба қуаты 6-дан 30-ға дейінгі орындары бар өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшілері (бұдан әрі – Бөлімше);
созылмалы үдемелі аурулар жағдайындағы немесе терминалдық (соңғы) сатыдағы он сегіз жастан асқан адамдарды, мүгедектігі бар адамдарды, қарттарды үздіксіз бақылауға арналған паллиативті көмек палаталары (бөлімшелері);»;
6-тармақта:
4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
««Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектігі бар адамдар;»;
5)-тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар адамдар мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына:»;
11-тармақта:
1)-тармақшаның жетінші, сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық журналда мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі өткен кезекте тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызмет алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуын ескере отырып (стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде) порталда тіркеледі.
Он сегіз жасқа толған және стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымға кезектен тыс қабылданады.»;
2)-тармақшаның үшінші бөлігінде:
алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндікөшірме (қарттар үшін абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бар болса);»;
оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдары және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедектігі бар адамы және соларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі;»;
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке басты куәландыратын құжаттың, мүгедектік туралы анықтаманың, зейнетақы куәлігінің, Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедектігі бар адамы және соларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің, зейнетақы немесе әлеуметтік жәрдемақылар алуға арналған жеке кітапшаның түпнұсқалары тұратын адамның жазбаша келісімімен стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігінде сақталады.»;
алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Адам бір стационарлық үлгідегі ұйымнан басқа стационарлық үлгідегі ұйымға өткен (ауысқан) кезде онымен бірге қызмет алушының жеке ісі, ондағы құжаттардың тізімдемесімен қабылдау-тапсыру актісі бойынша беріледі. Қызмет алушының жеке ісіне оны шығару туралы бұйрықтың көшірмесі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар), осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жоспарын орындау (мониторингі) жөніндегі журнал (бұдан әрі – Мониторинг журналы) қоса беріледі;»;
3)-тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін бағалау негізінде мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, стационарлық үлгідегі ұйымның әлеуметтік жұмыскерлері, дәрігерлері, педагогтері және басқа да мамандары (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйым мамандары) әрбір қызмет алушының әрқайсысына бір жылға дейінгі мерзімге жеке жоспар әзірлейді.»;
13-тармақта:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар мынадай адамдардың тәуліктің күндізгі уақытында (бір күнде төрт сағаттан он сағатқа дейін), қажет болған кезде оңалту орталықтарында түнде болуын қамтамасыз етумен (қызмет алушы басқа елді мекенде тұрған жағдайда және (немесе) ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған:»;
2-тармақшада:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде бір жарым жастан ТҚА бұзылған балалар (бұдан әрі – ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен балалар).»;
екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен балалардың тұруына:»;
4-тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мүгедектігі бар адамдар және «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттар.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер, оңалту жөніндегі іс-шаралар олардың денсаулық жағдайын, жасын, жеке даму деңгейін, әлеуметтендіру, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының (бар болса) мазмұнын, қызмет алушының жеке қажеттіліктері негізінде әзірленген жеке жұмыс жоспарын ескере отырып жүзеге асырылады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Уақытша болуға арналған оңалту орталықтарында оңалту іс-шараларын үздіксіз жүргізу мақсатында басқа қаладан келген қызмет алушылардың және (немесе) ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша түнде болуына жағдай жасалады.»;
21-тармақта:
1)-тармақшада:
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық журналды порталда жартылай стационарлық үлгідегі ұйым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.»;
жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі өткен кезекке электрондық журналда тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызметтер алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуын ескере отырып (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде) порталда тіркеледі.»;
2)-тармақшада:
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға түскен кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке іс қалыптастырылады, ал жеке ісі болған жағдайда – оны жүргізу жалғастырылады.»;
үшінші бөлігінде:
алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндікөшірме (қарттар үшін абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бар болса);»;
тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдары және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедектігі бар адамы және соларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі;»;
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Адам бір жартылай стационарлық үлгідегі ұйымнан басқа жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға өткен (ауысқан) кезде онымен бірге қызмет алушының жеке ісі, ондағы құжаттардың тізімдемесімен қабылдау-тапсыру актісі бойынша беріледі. Қызмет алушының жеке ісіне оны шығару туралы бұйрықтың көшірмесі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспар, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мониторинг журналы қоса беріледі;»;
3)-тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін бағалау негізінде мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары күндіз болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын әрбір қызмет алушыға бір жылдан аспайтын мерзімге, ал уақытша болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын қызмет алушыға болу кезеңіндегі мерзімге жеке жоспарды әзірлейді.»;
23-тармақта:
2)-тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«өздігінен жүріп-тұруының және өзіне-өзі қызмет көрсетудің бірінші және екінші деңгейде шектелуіне әкелген ТҚА айқын немесе едәуір (өрескел) бұзылған мүгедектігі бар балалар.»;
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Кодекске сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектігі бар адамдар;»;
26-тармақта:
1)-тармақшада:
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық журналды порталда үйде қызмет көрсету ұйымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.»;
жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі өткен электрондық журналда кезекке тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызметтер алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуын ескере отырып (үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде) порталда тіркеледі;»;
2)-тармақшада:
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызмет алушы үйде қызмет көрсету ұйымына түскен кезде қызмет алушылардың жеке ісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады, ал жеке ісі болған жағдайда – оны жүргізу жалғастырылады.»;
үшінщі бөлігінде:
алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бар болса);»;
тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдары және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедектігі бар адамы және соларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі;»;
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызмет алушы бір үйде қызмет көрсету ұйымынан басқа ұйымға өткен (ауысқан) кезде онымен бірге қызмет алушының жеке ісі істегі құжаттардың тізімдемесімен қабылдау-тапсыру актісі бойынша қоса беріледі. Қызмет алушының жеке ісіне оны шығару туралы бұйрықтың көшірмесі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспар, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мониторинг журналы қоса беріледі;»;
3)-тармақшаның төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке жоспардың іс-шаралары арнаулы әлеуметтік қызметтер түрінің әрқайсысы бойынша бөлек көрсетіледі және қызмет алушының жақсы жақтарын іздеуге және жандандыруға, позитивті ресурстарды анықтауға және өзіндік әлеуметтік орта дағдыларын қалпына келтіруге немесе қалыптастыруға бағытталған.»;
35-тармақта:
2)-тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық тіркеу журналын порталда уақытша болу ұйымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.»;
3)-тармақшада:
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызмет алушы уақытша болу ұйымына түскен кезде (тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған (бір жылға дейін) қызмет алушылардың жеке ісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады, ал жеке ісі болған жағдайда – оны жүргізу жалғастырылады.»;
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызмет алушы бір уақытша болу ұйымынан екінші уақытша болу ұйымына өткен (ауысқан) кезде қызмет алушының жеке ісі істегі құжаттардың тізімдемесімен қабылдау-тапсыру актісі бойынша бірге беріледі. Қызмет алушының жеке ісіне оны шығару туралы бұйрықтың көшірмесі, ресоциализация туралы шарты, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспар, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мониторинг журналы қоса беріледі.»;
мынадай редакциядағы 4) және 5)-тармақшамен толықтырылсын:
«4) жеке жоспар.
Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін бағалау негізінде уақытша болу ұйымының әлеуметтік жұмыскерлері, дәрігерлері, психологтары және басқа да мамандары әрбір қызмет алушының әрқайсысына бір жылға дейінгі мерзімге жеке жоспар әзірлейді.
Қызмет алушылардың жеке жоспарлары қызмет алушылар уақытша болу ұйымына түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әзірленеді, кейінгі екі жұмыс күні ішінде толтырылады және уақытша болу ұйымның басшысы бекітеді.
Жеке жоспардың іс-шаралары арнаулы әлеуметтік қызметтер түрінің әрқайсысы бойынша бөлек көрсетіледі және қызмет алушының жақсы жақтарын іздеуге және жандандыруға, позитивті ресурстарды анықтауға және өзіндік әлеуметтік орта дағдыларын қалпына келтіруге немесе қалыптастыруға бағытталған.
Әрбір көрсетілген іс-шара іске асыру мерзімін (апта, ай, тоқсан) қамтиды. Іс-шараны орындау бойынша жұмыстың көрсетілген кезеңі нақты мерзімдер арқылы жеке жоспарда көрсетіледі.
Уақытша болу ұйымының мамандары қажет болған жағдайда мониторинг қорытындысы бойынша қызмет алушылардың жеке жоспарларын түзетеді;
5) мониторинг журналы.
Қызмет алушылардың жағдайындағы өзгерістерді қадағалау және кейіннен онымен жұмыс жүргізуге арналған іс-шараларды түзету үшін қызмет алушының жеке жоспарына мониторинг жүргізіледі. Жеке жоспарға енгізілген іс-шаралардың сапалы орындалуына мониторингті уақытша болу ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы тоқсанына бір реттен жиі емес тәртіпте жүзеге асырады.
Қызмет алушылардың жағдайындағы өзгерістерді уақытша болу ұйымының мамандары тоқсан сайын (қажет болған жағдайда ай сайын) қарауға тиіс.
Өткізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын уақытша болу ұйымның мамандары Мониторинг журналында көрсетеді. Мәліметтер Мониторинг журналына тоқсан сайын, жеке жоспарға жүргізілген мониторингтен кейін бір жұмыс күні ішінде енгізіледі.
Мониторинг журналы әрбір қызмет алушыға жеке-жеке жүргізіледі.
Қызмет алушының жағдайындағы позитивті өзгерістер туралы белгі жеке жоспарда жоспарланған әрбір іс-шара бойынша жасалады.
Жүргізілген іс-шаралардан кейін қызмет алушылардың жағдайында өзгерістер болмаса, бұл туралы белгі қойылады.
Қызмет алушылардың жағдайында өзгерістер болған жағдайда, Мониторинг журналына белгілер ай сайын енгізіледі.
Жеке жоспарды түзету кезінде Мониторинг журналында қандай қызметтің түрі қайта қаралуға жататыны көрсетіледі, сондай-ақ қызмет алушының жағдайын жақсартуға бағытталған кейінгі іс-шараларды әзірлеу үшін ұсынымдар көрсетіледі.
Жыл қорытындысы бойынша Мониторинг журналы мен жеке жоспар қызмет алушының әрқайсысына бөлек жеке папкада бірге тігіледі.»;
1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі