«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларында:
1 тараудың 2 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпарттандыру объектісін білдіреді;».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
|
Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Результаты согласования
Министерство труда и социальной защиты населения РК - Директор департамента Анжелика Борисовна Парсегова, 15.12.2021 11:07:41, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 22.12.2021 19:26:37, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Шапкенов, 23.12.2021 12:28:31, положительный результат проверки ЭЦП