«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 ж. 6 наурыздағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

 1-бөлім. Миссиясы және пайымы

 Мемлекеттік органның миссиясы: Еңбек құқықтарын қорғау, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу.

Мемлекеттік органның пайымы: Өмiр сүру деңгейi мен сапасын нәтижелі жұмыспен қамтудың қолжетiмдiгiн кеңейту, әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн арттыру, халықты әлеуметтiк қолдау жүйесiн дамыту және оңтайландыру негiзiнде арттыру.

 

2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және қатерлерді басқару

 

  1. Стратегиялық бағыт 1. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

1) Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері.

Министрлік 2050 стратегиясының негізгі мақсаты – Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруіне қолжеткізу бойынша өз қызметінде қазақстандықтардың әл-ауқатын нығайту принципіне сүйенеді.

Осы мақсаттарда әлеуметтік дамудың қазақстандық моделі – масылдықты болдырмайтын атаулылықты және тиімділікті дамыту принциптерінің біріне негізделген азаматтардың мұқтаж санаттарын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құру жалғасатын болады.

Мемлекет адам туғаннан бастап оның өмірінің барлық кезеңдерін сүйемелдей отырып, халықтың әлеуметтік қорғалуына кепілдік береді. Осылайша, Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының мынадай принципі іске асырылады – азаматтарға өмірінің әрбір кезеңінде әлеуметтік қызмет көрсетудің – адамның өзін өзі дамытуы үшін бастапқы тең мүмкіндіктерге негіз болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттардың ең төменгі қажетті деңгейіне кепілдік берілетін болады.

Дата публикации
06 декабря 2019