Ағымдағы жылдың 13 маусымында ЕХӘҚМ-де балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күрес әдістері талқыланды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) онлайн режимде балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді, оның барысында балалар еңбегіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс талқыланды, сондай-ақ «Он төрт жастан бастап кәмелетке толмаған балалардың оқудан бос уақытында он алты жасқа дейін» еңбегін пайдалануға рұқсат етілетін жеңіл жұмыстардың тізімі жобасы ұсынылды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен өткен іс – шараға мүдделі мемлекеттік органдардың – ҚР Білім және ғылым, ҚР Ішкі істер, ҚР Денсаулық сақтау, ҚР Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, ҚР Бас прокуратурасының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, ҮЕҰ өкілдері және ЕХӘҚМ әлеуметтік әріптестер қатысты.