Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы « » Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген есепке алуды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13094 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 122 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18395 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
|
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды
және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық талаптар беру бойынша қызметтер мен квазимемлекеттік секторлар субъектілерінің қызметтерін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық талаптар беру бойынша қызметтер мен квазимемлекеттік секторлар субъектілерінің қызметтерін, сондай-ақ электрондық нысанда табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық талаптар беру бойынша қызметтер мен квазимемлекеттік секторлар субъектілерінің қызметтері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) әлеуметтік аударымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлеушілердің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін ақша қаражаты.
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы – ол үшін әлеуметтік аударымдар төленетін және осы Заңда көзделген әлеуметтік қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар жеке тұлға;
4) әлеуметтік төлемдер – әлеуметтік төлемдерді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
5) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі – алушы) – әлеуметтік қатер төнгенге дейін ол үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген, не өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде оларды өзі төлеген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры оған қатысты әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;
6) дербестендірілген есепке алу – ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген және әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне әрбір қатысушы туралы мәліметтерді есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;
7) дерекқор – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әрбір қатысушысы (алушы) бойынша деректерді қамтитын уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;
8) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушсына әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;
9) уәкілетті орган – Қордың қызметіне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың және Қордан әлеуметтік төлемді алушылардың дербестендірілген есебін қалыптастыру тәртібі
1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);
2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) туған күні;
4) жынысы;
5) тұрғылықты мекенжайы;
6) жеке басын куәландыратын құжаттың (оралман куәлігінің) сериясы және нөмірі, құжаттың берілген күні және берген органның атауы;
7) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні, азаматтығы өзгергені туралы, азаматтығын өзгерту туралы мәліметтерді қамтиды.
Бұдан басқа, келіп түскен күнін, жіберілген күнін, құжаттың нөмірін, күнін, төлем тағайындау кодын (бұдан әрі – ТТК), жіберушінің атауын, жіберушінің ЖСН/БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі), алушының атауын, төлемнің жалпы сомасын, әлеуметтік аударымдардың сомасын, мәртебесін, әлеуметтік аударымдар жүргізілетін кезеңді (жылы, айы, айлар) көрсете отырып, төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдардың сомалары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару туралы мәліметтерді қамтиды.
1) ЖСН;
2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) туған күні;
4) жынысы;
5) тұрғылықты жерінің мекен-жайы;
6) жек басын куәландыратын құжаттың нөмірі және сериясы (оралман куәлігі), оның берілген күні және берген органның атауы;
7)жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірінің өзгергені туралы және берген күні, азаматтығы, азаматтығының өзгергені туралы;
8)жүгінген күні;
9) әлеуметтік қатер басталған күн;
10) әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімнің күні;
11) әлеуметтік төлемнің мерзімі аяқталған күн;
12) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі туралы;
13) әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстың орташа айлық мөлшері;
14) әлеуметтік төлемнің түрі туралы;
15) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы;
16) асырауындағы адамдардың саны туралы;
17)жұмыссыз ретінде есепке қою туралы;
18) жүктілікке және босануға, сонымен бірген жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген уақытша еңбек жарамсыздық парағында көрсетілген күндерінің саны туралы;
19) бала туу кезектілігі туралы;
20)тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы;
21) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындалған мерзім туралы деректерді;
22) келіп түскен күнін, жіберілген күнін, құжаттың нөмірін, күнін, төлем тағайындау кодын (бұдан әрі – ТТК), жіберушінің атауын, жіберушінің ЖСН/БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі), алушының атауын, төлемнің жалпы сомасын, әлеуметтік төлемдердің сомасын, мәртебесін, әлеуметтік төлемдер жүргізілетін кезеңді (жылы, айы, айлар) көрсете отырып, аударылған әлеуметтік төлемдер сомалары, сондай-ақ қате есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару туралы мәліметтерді қамтиды.
дерекқорға мәліметтерді және өзгерістерді уақтылы енгізеді;
келіп түскен әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдардың сомалары (оның ішінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын қайтару) туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңсыз (негізсіз) деп танылған, алушыларға жүзеге асырылған әлеуметтік төлемдер (оның ішінде артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдерді қайтару) туралы мәліметтерді дербестендірілген есепке алуды қамтамасыз етеді;
дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дерекқорда қамтылған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;
ай сайын қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын, Заңның 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № болып тіркелген) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының уәкілетті органға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар (алушылар), әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдер туралы ақпаратты ұсынады.