«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін айқындау туралы»

 

 

 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2019 жылғы « »             Заңының 8-бабының 4) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттері айқындалсын.
  2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріның күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі                                                          А. Мамин

 

 

 

Қазақстан

Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы « »            №

қаулысына

 1-қосымша

 

 

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттері

 

 

р/с

№

 

Қаржы құралының түрі

1

2

1.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі банктік шоттардағы ақшаларды қоса алғанда, инвестициялау мөлшері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің қырық пайызынан кем емес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмитенттелгендерді қоса алғанда)

2.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің он бес пайызынан аспайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері

3.

Қаржы құралының немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша «А-»-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең, бірақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің отыз пайызынан аспайтын халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары

4.

Агенттік облигациялар, Қаржы құралының немесе эмитенттің рейтингі Standard & Poor's бойынша «ВВ-»-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің он пайызынан аспайтын агенттiк облигациялар, корпоративтік облигациялар

5.

Кері РЕПО мәмілелері. Кері РЕПО мәмілесі бойынша кепілзат ретінде болатын қаржы құралдарының мүмкін болатын ең жоғары үлес салмағына сәйкес келеді.

6.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы шығарған, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің он пайызынан аспайтын агенттік облигациялар

7.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің он пайызынан аспайтын Еуразия даму банкінің облигациялары

 

                                         ____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан

Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы « »            №

қаулысына

2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

 

  1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 506-құжат);
  2. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы             13 қарашадағы № 1081 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі № 613 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 296-құжат);
  3. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 12 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 1-2, 6-құжат);
  4. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 935 қаулысы.
  5. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 365 қаулысы.

 

 

                     ___________________________________________

 

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін айқындау туралы»
Дата публикации
06 декабря 2019