Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық
және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша
іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең 2017 – 2019 жылдар) жүзеге асыру туралы 2018 жылға арналған есебі
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) 54 іс-шарадан құралады.
2018 жылғы есептік кезеңде 46 іс-шара орындалуда болса, оның ішінде 40 (89 %) ұзақмерзімді болып табылады.
2018 жылға жоспарланған шараларды іске асырудың негізгі нәтижелері келесіні көрсетеді.
1-тармақ. ТДМ-ге және БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетінің қорытынды ескертулеріне, сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес келтіру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасылық-гендерлік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) тікелей басшылығымен ТДМ мен БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеті, сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы және гендерлік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы (бұдан әрі – Заң жобасының Тұжырымдамасы) әзірленді.
Ұлттық комиссияның басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобының Қазақстан Республикасының заң жобасы тұжырымдамасын талқылау бойынша бірқатар жұмыс отырыстары өткізілді, оның барысында жұмыс тобы мүшелері тиісті ұсыныстар мен ескертулер енгізді.
Атап айтқанда, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау туралы» Заңның жаңа редакциясын әзірлеу туралы ұсыныс енгізілді, сондай-ақ Әйелдерге қатысты кемсітуді жою жөніндегі Комитеттің және Тұрақты даму мақсаттарына қатысты ұсынымдар енгізілді.