«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы
    № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

         3-қосымшада реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

   1) мемлекеттік қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
   2) көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда;
   3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы
29 тамыздағы № 379 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17467 болып тіркелген) бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

   4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту.

»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2-қосымшада реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

    Мыналар:
    1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
   2) көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда;

   3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы
29 тамыздағы № 379 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17467 болып тіркелген) бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

   4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

».

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

Аты-жөні

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

бұйрығына 1-қосымша

«Медициналық-әлеуметтік

мекемелерде (ұйымдарда)

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсетуге құжаттар ресімдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету

қағидаларына

1-қосымша

Нысан

Жергілікті атқарушы органның немесе

жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген

 мемлекеттік ұйымның басшысы

__________________________________

__________________________________

(жергілікті атқарушы орган немесе

жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген

мемлекеттік ұйым басшысының

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:

___________________________

Жеке басты куәландыратын құжат 20___ жылғы «___» ________ № ___ берілді

Тіркелген жері ________________________________________________

Тұрғылықты жері  _____________________________________________

Туған жері ____________________________________________________

Туған жылы «___» _________ _____ жыл

Жәрдемақы түрі мен мөлшері _____________________________________

Мүгедектік санаты _______________________________________________

Туыстарының (заңды өкілдерінің) болуы ____________________________

____________________________________________________________________

(туыстық қатынастар, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын мекенжайы,

байланыс телефоны)

ӨТІНІШ

____________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

стационарлық үлгідегі ұйымда тәулік бойы тұрақты/уақытша (қажетінің асты сызылсын) тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын, өйткені стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) _______________________ 2) _________________________

3) _______________________ 4) _________________________

5) _______________________ 6) _________________________

7) _______________________ 8) _________________________

9) _______________________ 10) ________________________

Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес келісім беремін.

Осы келісім қол қойылған күнінен бастап «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.

Стационарлық үлгідегі ұйымды қабылдау, онда ұстау, одан ауыстыру және шығару шарттарымен таныстым.

20___ жылғы «___» ___________

__________________________________________________________________

               (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

Құжаттарды қабылдады ___________________________________________

                                           (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

20___ жылғы «___» ___________

бұйрығына 2-қосымша

«Медициналық-әлеуметтік

мекемелерде (ұйымдарда)

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсетуге құжаттар ресімдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету

қағидаларына

2-қосымша

Нысан

Жергілікті атқарушы органның немесе

жергілікті атқарушы орган уәкілеттік

берген мемлекеттік ұйымның басшысы

__________________________________

__________________________________

(жергілікті атқарушы орган немесе

жергілікті атқарушы орган уәкілеттік

берген мемлекеттік ұйым басшысының

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:

___________________________

ӨТІНІШ

_______________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

«___» ___________ ______ жылы туған, _________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын

жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға күндізгі болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын, өйткені жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) _______________________ 2) _________________________

3) _______________________ 4) _________________________

5) _______________________ 6) _________________________

7) _______________________ 8) _________________________

9) _______________________ 10) ________________________

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес келісім беремін.

Осы келісім қол қойылған күнінен бастап «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау, онда ұстау, одан ауыстыру шарттарымен таныстым.

20___жылғы «___» __________

____________________________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

Құжаттарды қабылдады ___________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

20___ жылғы «___» ___________

бұйрығына 3-қосымша

«Үйде күтім көрсету

жағдайында арнаулы әлеуметтік

қызмет көрсетуге құжаттар

ресімдеу» мемлекеттік қызмет

көрсету қағидаларына

1-қосымша

Нысан

Жергілікті атқарушы органның немесе

жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген

мемлекеттік ұйымның басшысына

___________________________________

___________________________________

(жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті

атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік

ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бизнес-сәйкестендiру нөмірі:

___________________________

ӨТІНІШ

___________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын бар болса) көрсету)

үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін есепке алуды сұраймын.

Туған жылы _____________________________________________________

Тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________

Телефон номері (үй, ұялы) _________________________________________

Мүгедектік санаты (болған жағдайда) _______________________________

Бірге тұратын отбасы мүшелері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстығын көрсету): __________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасыны Заңның 8-бабына сәйкес келісім беремін.

Осы келісім қол қойылған күнінен бастап «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тәртібі мен шарттарымен таныстым.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _____________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Күні 20__ жылғы «___» ___________

Өтінішті қабылдады ________________________________________________

                                       (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және лауазымын көрсету)

Қолы _________ Күні 20__жылғы «___» __________

бұйрық - қазақша
Дата публикации
03 июня 2022