Әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша анықтама

Құрылатын жұмыс орындарын жүйелеу және есебін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен  (бұдан әрі – Министрлік)  2019 жылғы                          19 сәуірде Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер ұсынуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын қабылдады.

Аталған Қағидалардың негізінде Министрлік «Жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасы» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – Ақпараттық жүйе) әзірледі, ол ауылдық елді мекендердің, мемлекеттік бағдарламалардың, шағын және орта бизнестің, жобалардың, кәсіпорындардың, экономика салаларының бөлісінде жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелердің орындалуына сапалы мониторинг жүргізуге, жұмыс орындарын құру мен қысқартуды болжамдау, жұмыс орындарының профициті мен дефицитін талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Дата публикации
05 декабря 2019