«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасының (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) баспасөз-релизі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын  жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын іске асыру мақсатында әзірленді.

Аталған Бұйрық жобасымен «мүгедек» терминін «мүгедектігі бар адам» терминіне ауыстыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен Таулы Карабах аумағында жүргізілген ұрыс қимылдары кезеңіне 1991 жылды қосу көзделген.

Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылғы 18 мамырда жарияланды. Жобаны қарау үшін келесі сілтеме арқылы өту қажет https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14098291.

пресс-релиз каз
Дата публикации
18 мая 2022