«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы «___» _______________ № ___ бұйрығының жобасына баспасөз релизі
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы «___» _______________ № ___ бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) мүгедек адамдарға қатысты кемсітпеушілік қағидатының сақталуын және БҰҰ баяндамашысы К. Д. Агилар мүгедек адамдарға қатысты қолданылған сөздерді немесе терминдерді жою туралы арнайы ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Бұйрық жобасы 16 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Жобаны көру үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14095405.