Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің халқын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасына
ПРЕСС-РЕЛИЗІ
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің халықтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Келісім) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Келісім жобасы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ еңбек нарығын қалыптастыру кезіндегі проблемаларды шешуге және кедергілерді жоюға келісілген тәсілдерді әзірлеудегі ынтымақтастығын дамытуға, халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, ТМД – ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының еркін жүріп-тұру және еңбек қызметін жүзеге асыру құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.