«KAZENERGY» қауымдастығының «Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есепке жазу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына ескертулеріне жауабы

 

                                                    

                                          

№ 01-1-4-07/11867 от 05.05.2022

 

 

«KAZENERGY» қауымдастығы

 

19.04.2022 ж. № 01-1-1-10/1788-И хатына

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – министрлік) «Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есепке жазу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – қағидалар жобасы) қатысты Сіздің ескертпелеріңізді қарап, төмендегіні хабарлайды.

Жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – ЖМЗЖ) енгізу бастапқыда тұжырымдамада және заңнамада 01.01.2018 жылдан бастап көзделген. Алайда, экономикалық жағдайды және кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін назарға ала отырып, ЖМЗЖ енгізу мерзімі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Заңымен (бұдан әрі – Заң) 2023 жылға дейін кейінге қалдырылды.

Бұл ретте, 2019 жылы ЖМЗЖ мерзімін енгізуді ауыстыруды көздейтін жоғарыда көрсетілген Заңның жобасы реттеушілік әсерді талдау рәсімінен өткенін хабарлаймыз.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2015 жылғы 2 тамыздағы «Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - ПМК) енгізу мерзімі бар қағидалар жобасын әзірлеу көзделген – 2022 жылдың қыркүйек айы.

БЖЗҚ–ның актуарлық есептеріне сәйкес ағымдағы жағдай кезінде жоғалған табысты алмастыру коэффициенті (бұдан әрі-ЖТАК) төмендеу үрдісіне ие. Жоспарланған ЖМЗЖ енгізу ЖТАК-ны қолайлы деңгейде ұстап тұруға бағытталған.

Анықтамалық:

Соңғы бес жылда ЖТАК деңгейі: 2018 жылы - 53,7%, 2019 жылы – 52,7%, 2020 жылы – 50,2%, 2021 жылы – 46,9%, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша – 42,1% құрады. Ағымдағы жағдай сақталған кезде 2026 жылы ЖТАК деңгейі ХЕҰ ұсынған 40% - дан төмен болады және 39,4% - ды құрайды.

ЖМЗЖ енгізу жұмыс істейтін азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарының деңгейін арттыруға және сонымен бірге мемлекеттің, қызметкердің және жұмыс берушінің қазақстандықтардың зейнетақы болашағы үшін жауапкершілігін теңдестіруге мүмкіндік береді. Зейнетақы жарналары мөлшерлемесінің мөлшері ЭЫДҰ елдерінде қолданылып жүрген мөлшерге жақындайды (MCGPI зейнетақы индексіне енген елдердегі мөлшерлемелердің мөлшері шамамен 17% - ды құрайды), бұл салымшылардың зейнетақы жасына жеткен кездегі зейнетақы жинақтарының барабар деңгейін және зейнеткерлікке шыққаннан кейін табысты халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етеді.

Бұл ретте жұмыс берушіге жүктеме қолайлы деңгейде, оның ішінде МЗЖ төленген соманы салық салынғанға дейін шегерімге жатқызу бөлігінде салық кодексінің шеңберінде көзделген жеңілдіктердің есебінен қалады.

 

 

Вице-министр                                                             Е. Біржанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орын Б. Хасенова

тел. 74-36-45

                                                    

                                           

Дата публикации
05 мая 2022