Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

 

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 ақпандағы
№ 22-1048 және 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 22-1048-1 қарарларына сәйкес «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.

Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу құқығын беру болып табылады.

Дата публикации
21 апреля 2022