Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) және 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орталық атқарушы орган мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай – ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін.
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 3 тамыздағы № 232 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15629 болып тіркелген);
министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 122 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18395 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жарияланған).
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркісібі министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына
1-қосымша
Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың біріңғай тізімін қалыптастыру қағидалары
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) - мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және оларды беру бойынша жұмысты ұйымдастыру «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруді, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша оның құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ААЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тізімі – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері тағайындалған жеке тұлғалар бойынша ОАО ААЖ-дағы мәліметтер;
5) жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі – ЖТБТ) – МЗЖ (МКЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар бойынша «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ААЖ-дағы мәліметтер;
6) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген cол мәліметтер;
7) жұмыс берушініңі міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖБ МЗЖ) – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына агентттердің жеке қаражаты есебінен аударылған ақша;
8) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға Заңға сәйкес салынатын ақша;
9) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін БЖЗҚ-ға агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;
10) орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
11) «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ААЖ (бұдан әрі – «ТӨҰ» ААЖ) – МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ бойынша төлемдерді қабылдауға, өңдеуге, қалыптастыруға арналған ААЖ;
12) шартты зейнетақы шоты (бұдан әрі – ШЗШ) – жеке тұлғаның атына ашылған, БЖЗҚ-да Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖБМЗЖ және өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған ЖБМЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер есепке алынатын шот.
1) жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі, күні және оны берген орган;
4) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотының (бұдан әрі – ЖЗШ) ашылған күні көрсетілген оның ашылуы туралы ақпарат; ;
5) опералардың ашылу күнін көрсете отырып, операларды есепке алу бойынша ШЗШ ашылуы туралы ақпарат;
6) күні көрсетілген МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ жабылуы туралы ақпарат
және олардың жабылу себептері;
7) күнін көрсете отырып, операларды есепке алу бойынша ШЖШ жабылуы туралы ақпарат;
8) 2013 жылғы 18 қазанындағы № 1116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы Қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ және (немесе ) өсімпұл аударылған сомалар, сондай-ақ оларды қайтару туралы ақпарат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы Қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері, Заңның 6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін;
9) 2013 жылғы 18 қазанындағы № 1116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы Қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес агенттің атауы мен деректемелерін қоса алғанда, МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ төлеу жөніндегі агенттер туралы ақпарат Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы Қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін айқындайды, Заңның 6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін;
10) МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дербес деректерінің өзгеруі туралы ақпарат,
11) МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлға мәртебесінің өзгеруі туралы ақпарат;
12) МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның туған жері, тұрғылықты мекенжайы, азаматтығы көрсетіледі.
1) Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы, жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы мен нөмірі, көрсетілген құжаттардың берілген күні және оларды берген органның атауы көрсетіледі;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен Берілген күнін өзгерту туралы;
4) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу немесе жабу туралы;
5) өзі үшін МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның мәртебесін өзгерту туралы.
Салымшылардың (алушылардың) дербес деректері «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорындағы деректерге сәйкес келмеген, оның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басын (жеке бастарын) куәландыратын қолданыстағы құжат (құжаттар) болған жағдайда Мемлекеттік корпорация агенттер аударған МЗЖ туралы деректерді БЖЗҚ-ға жолдайды. МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ
Салымшылардың (алушылардың) дербес деректері «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорындағы деректерге сәйкес келмеген, соның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация МЗЖ сомаларын қайтару себебін көрсете отырып оларды агентке қайтарады.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына
2-қосымша
Орталық атқарушы орган мен бірынгай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидалары
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі – ЖТБТ) – Мемлекеттік корпорация МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастыратын зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі;
4) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген cол мәліметтер;
5) жұмыс берушініңі міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖБ МЗЖ) – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына агентттердің жеке қаражаты есебінен аударылған ақша;
6) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға Заңға сәйкес салынатын ақша;
7) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін БЖЗҚ-ға агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;
8) орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
9) шартты зейнетақы шоты (бұдан әрі ШЗШ) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атынан ашылған шот, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары түсетіндігі және өзге де түсімдер есепке алынатындығы туралы мәлімет, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебіен зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәлімет;
1) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ашылған және жабылған жеке зейнетақы шоттары (бұдан әрі - ЖЗШ), ЖБМЗЖ есепке алу бойынша шартты зейнетақы шоттары;
2) түскен (қайтарылған) МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ және (немесе) өсімпұл сомасы туралы;
3) МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ салымшылардың (алушылардың) дербес деректері өзгергені туралы;
4) инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін есептеу кезінде қажетті МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары және алушыға БЖЗҚ-дан жүзеге асырылған алғашқы зейнетақы төлемінің күні туралы (ОСО сұратуы бойынша ұсынылады) ақпарат ұсынылады;
5) сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы және сақтандыру ұйымына аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі зейнетақы жинақтарының сомасы туралы;
6) мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ топтары, мүгедектіктің белгіленген күні мен мерзімі тізбеленген жеке тұлғада растау туралы;
7) МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомалары, есепті күнге есептелген инвестициялық табыс сомалары туралы;
8) БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы төлемдерінің және (немесе) аударымдардың мөлшерлері туралы мәліметтерді қамтиды.
9) МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ мемлекеттік жәрдемақылар аударылған жеке тұлғаларға ОАО тағайындау негіздері туралы (бұл жеке тұлғада зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы болған жағдайда);
10) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті Мемлекеттік корпорацияда тіркеген МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары бар зейнетақы төлемдерін алушылар туралы ақпарат жатады.
ОАО ААЖ мәліметтер түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ-ға мәліметтерді алғаны туралы электрондық хабарламаны және жіберілген (алынған) мәліметтер бойынша салыстырып тексеру хаттамасын (бұдан әрі – Хаттама) жолдайды.
ЖТБТ-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жөніндегі мәліметтерді толықтырудан бас тартылған жағдайда Хаттамада бас тарту себебі көрсетіле отырып зейнетақымен қамсыздандыру туралы өзектендірілмеген шарттар бойынша ақпарат қамтылуға тиіс.
БЖЗҚ өздері үшін МЗЖ, ЖМЗК, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дербес деректерінің өзгергені туралы мәліметтерді алған күннен бір жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ АЖ-ға өзгерістер енгізеді.
Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ААЖ АЖ мен БЖЗҚ арасында МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дербес деректерінің сәйкестігіне олардың АЖ-дағы мәртебесін ескере отырып, дерекқорды салыстырып тексеру жүргізіледі.
«Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы жобасы
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) және 8) тармақшаларына сәйкес
Қаулыны қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарын талап етпейді.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға алып келмейді.
Жобаны қабылдаудың мақсаты қабылданған Заңды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.
Жоқ.
Талап етілмейді.
Халықаралық шарт болып табылмайды.
Рұқсат етіледі.
Бұйрық жобасы 2022 жылғы «26» сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында және 2022 жылғы «26» сәуірде ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет порталында орналастырылған.
Бұйрық жобасына баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында (веб-сайтта) 2022 жылғы «26» сәуірде орналастырылған.
Сәйкес келеді.
Талап етілмейді.
Жоқ.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова