«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (62-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы _________ № ____ бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (62-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы _________ № ____ бұйрығының жобасына

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (62-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы _________ № ____ бұйрығының     жобасы    (бұдан әрі – бұйрық жобасы)  2015  жылғы  23  қарашадағы   Қазақстан    Республикасы   Еңбек  кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген.

Бұйрық жобасында  «униформашы» 4-разряд және «фильм тексеруші» (3-5 разрядтар диапазоны) жұмысшы кәсіптері алып тасталды, себебі олар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 513 бұйрығымен бекітілген БТБА-да (58-шығарылым) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20068 болып тіркелген) қарастырылған.

Бұйрық жобасы 8 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және уәкілетті еңбек органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелерінен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамадан қорытындылар алынды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншіктік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды  көздемейді.

Анықтама: Қолданыстағы «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (3-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 388 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 19169 болып тіркелген.

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті

Дата публикации
25 апреля 2022