«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік басқару органдарына:

1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету;

2) қызметкерлерге кесімді еңбекақы төлеу кезінде кесімді бағалауларды бекіту;

3) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығы берілсін. Аталған үстемеақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                          Ә. Смайылов

Дата публикации
21 апреля 2022