«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 709 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 709 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр С. Шәпкенов
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Ә. Ерғалиев 2021 жылғы ____________ |
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Е. Жамаубаев 2021 жылғы ___________ |