Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 сәуірден бастап арттыру туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 сәуірден бастап арттыру туралы

 

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2022 жылғы 1 сәуірге дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы                    1 сәуірден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен төрт пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        Ә. Смайылов

 

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 сәуірден бастап арттыру туралы
Дата публикации
07 апреля 2022