«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (52-шығарылым) бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (52-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (52-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (52-шығарылым) жобасы кіріспе және автомобиль және қалалық электр көліктеріндегі, теміржол көлігіндегі және метрополитендегі, теңіз және өзен көліктеріндегі жұмыстарға арналған 12 жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қамтиды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.
БТБА-ның (52-шығарылым) мазмұны Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, мамандықтар мемлекеттік тілдегі алфавиттік тәртіппен берілді.
Қолдануға ыңғайлы болу үшін БТБА (52-шығарылым) жұмысшы кәсіптерінен, разрядтар аралығынан және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткіші (қосымша) көрсетілген.
БТБА (52-шығарылым) 2022 жылғы 14 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және уәкілетті еңбек органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелерінен қорытынды алынды.
2022 жылғы 1 наурыздағы № 014003 хатпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысы алынды (ЕХӘҚМ-нің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 04-1-2-04/1201-И хатымен негіздеме жолданды).
Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншіктік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
Бұйрық жобасын қабылдауы әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды көздемейді.
Анықтама: Бұрын қолданыста болған «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (52-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 8770 болып тіркелген.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті