«Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығына және «Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1037 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығына және «Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1037 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі - № 1036 қағида мен № 1037 қағида) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Осы жобада № 1036 қағиданың 18-тармағы және № 1037 қағиданың 15-тармағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының 36 және 114-тармақтарына сәйкестікке келтірілді.
Қағида жұмыс берушінің еңбек нормаларын әзірлеу, енгізу, ауыстыру және қайта қарау, жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтарының еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу және бекіту, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмыскерлердің өкілдерімен келісу бойынша қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді бекіту тәртібін, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне) енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің, мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген ақылы қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, реттелетін тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген реттелетін тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің еңбек нормаларын (табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік санын қоспағанда) және (немесе) еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
Бұйрық жобасын қабылдауы әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды көздемейді.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті