«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №396 бұйрығы

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11745 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-тармағына және 6-бабының
1-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.»;

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) күтімді жүзеге асыратын адам – бірінші топтағы мүгедекке онымен туыстық байланысына қарамастан күтімді тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға;»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) Мемлекеттік корпорацияның филиалы – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы филиалдары;»;

4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жәрдемақы ай сайын ағымдағы ай үшін және Заңда белгіленген мөлшерде оны алуға құқық туындаған күннен бастап жәрдемақы тағайындалған шарттардың сақталуы кезеңіне төленеді.

Жәрдемақы алушы, сондай-ақ Заңның 1-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес күтім көрсетілетін адам қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айын қоса алғанға дейін төленеді.

Жәрдемақы алушы,  сондай-ақ Заңның 1-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес күтім көрсетілетін адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда жәрдемақы төлеу кеткен айын қоса алғанға дейін жүргізіледі.

Күтімді жүзеге асыратын адам ауысқан жағдайда, жәрдемақы ауыстыру күніне дейін төленеді.

  1. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымша сәйкес 1 және 2 нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.

Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде Заңның 4-бабының 1-тармағының 1-3), 7), 8), 8-1) тармақшаларында көрсетілген адамдар мүгедектігі бойынша, сондай-ақ  Заңның 1-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес күтім көрсетілетін адамға күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 223 Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне жүгінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

Мемлекеттік корпорацияның, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін  алады.

Өтініш беруші талап етілген құжаттарды ұсынған жағдайда өтініш берушіге:

Мемлекеттік корпорацияда - тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат;

көрсетілетін қызметті берушіде - өтініштің тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;

портал арқылы - өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі өтініш беруші жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде:

Мемлекеттік корпорацияда - тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

жәрдемақы тағайындауға көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш білдірген жағдайда - өтініштің үзбелі талоны негізінде беріледі.

Мемлекеттік корпорация өтініш берушінің мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

Өтініш беруші портал арқылы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындауға жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес 3-нысанындағы өтініште көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйесіне сұрау салу портал арқылы өтініш берушінің өзімен жүзеге асырылады. 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жәрдемақы проактивті қызмет арқылы тағайындалған кезде «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға, сондай-ақ күтімді жүзеге асыратын адамдарға жәрдемақы тағайындау туралы өтініш беру талап етілмейді.

Заңның 4-бабының 1-тармағының 4-2) және 4-3) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетілген «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға, сондай-ақ күтімді жүзеге асыратын адамдарға проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау алушының ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірі порталда тіркелген жағдайда жәрдемақы алушының өтінішінсіз жүзеге асырылады.

Заңда көзделген негіздер бойынша жәрдемақыны тағайындауға құқық пайда болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталда тіркелген телефон нөміріне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Е-макет» ақпараттық жүйесі арқылы жәрдемақыны тағайындау және тіл таңдау мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызметті көрсетуге келісімін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға порталда тіркелген мобильді телефон нөміріне банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

Проактивті қызмет арқылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтініш берген күн жәрдемақы тағайындауға келісім берген күн болып есептеледі.

Алушыға sms-хабарлама жолданған күннен бастап күнтізбелік 3 күннің ішінде одан жауап болмаған кезде проактивті қызметті көрсету процесі аяқталады.

  1. Заңның 4-бабының 1-тармағының 1-3), 7), 8), 8-1) тармақшаларында көрсетілген адамдарға жәрдемақы тағайындау үшін мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер сұратылады.

Мәліметтер болмаған кезде осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесінде көрсетілген құжаттар өтінішке қоса беріледі.

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі немесе қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.

Жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші адамдар береді.»;

8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Өтініш беруші жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінген кезде өтініш берушіде тағайындау немесе төлем тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына, сондай-ақ өтініш берушіде жеке көмекшінің қызметін ұсыну фактісінің орын алуына (күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақыны тағайындау үшін) тексеру жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен тиісті төлем тағайындау немесе жәрдемақы тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен жеке көмекшінің қызметін ұсыну фактісін растайтын мәліметтер (күтімді жүзеге асыратын  адамға жәрдемақыны тағайындау үшін) алынған кезде өтініш берушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

  1. Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы өтініш берушіден жәрдемақы тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай ұсынған тұпнұсқаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттар қабылданғаннан кейінгі екі жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкестікке келтіру мерзімін көрсете отырып, өтініш берушіге хабарлама жібереді, сол кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады.

Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестікке келтіру мерзімі екі жұмыс күнін құрайды.

Өтініш беруші хабарлама алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны талаптарға сәйкестендірмеген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Құжаттардың электрондық көшірмелері Мемлекеттік корпорация бөлімшесі қызметкерінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады, содан кейін өтініш пен өтініш беруші түпнұсқада ұсынған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ЭІМ-ді және жәрдемақы тағайындауға шешім жобасын қалыптастырады.

Жәрдемақыларды проактивті тәсілмен тағайындаған кезде электрондық мәліметтерден тұратын электрондық өтінім Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің ЭІМ-ді және шешімнің электрондық жобасын қалыптастыруы үшін орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесіне келіп түседі.

Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі:

Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында көзделген қажетті мәліметтерді алу туралы сұрау салуды;

жәрдемақыларды тағайындау, төлеу, сондай-ақ жәрдемақы тағайындауға өтініш беру фактілерінің болмауын тексеруді жүзеге асырады.

Тексерудің нәтижесі  оң болған жағдайда электрондық өтінім өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына орналастырылады.

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі қалыптастырған электрондық өтінімді тіркеген кезде проактивті қызметті алушыға Мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық өтінімді тіркеу туралы хабарлама жіберіледі.

ЭІМ-де тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті ақпарат болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган өтініш барлық қажетті құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда  жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның орындаушысы құжаттарды қабылдау күні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау уақыты мен орны туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы хабарлама жібереді.

Өтініш берушінің алдын ала шешім бойынша қарсылығын  жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның орындаушысы оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Тыңдау нәтижелері бойынша  жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралышешім қабылдайды.

Қалыптастырылған ЭІМ жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.»;

17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш беруші өзі жүгінген кезде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындаудан бас тарту жөнінде қабылданған шешім туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындау туралы хабарламаны береді.

Хабарлама осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламалар журналында тіркеледі.

Жәрдемақы тағайындауға өтінішінде өтініш беруші мобильді телефон нөмірін көрсеткен жағдайда жәрдемақының тағайындалу (тағайындалмауы) туралы хабарлама sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушінің мобильді телефон нөміріне автоматты түрде жіберіледі. Sms-хабарлар осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлардың электрондық журналында тіркеледі.

Өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) мен ЭЦҚ-сы болған кезде, құжаттары бұдан бұрын Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға қағаз жеткізгіште ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне ол туралы деректер Мемлекеттік корпорацияның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған өтініш берушінің жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

  1. Айлық есептiк көрсеткіштің немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері өзгерген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы мөлшерінің өзгергендігі туралы шешім жобасын дайындайды және оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның төлемді тоқтату туралы шешімінің негізінде Заңның 8-бабының 2 және 6-тармақтарында көрсетілген, оның ішінде «ЖТМД» АЖ-дан мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жәрдемақы төлеуді тоқтатады.

Күтімді жүзеге асыратын адам ауысқан жағдайда, сәйкес айға төленген жәрдемақылар сомасы күтім жасалған нақты күндерді есепке ала отырып, қайта қаралады және айырмасы ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтаруға жатады.»;

23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Жәрдемақы оны алу құқығы туындағаннан кейін жәрдемақы тағайындау үшін жүгінген күннен бастап тағайындалады. Барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күн жүгінген күн болып есептеледі.

Жәрдемақы тағайындау үшін негіздеме жойылған жағдайда алушылар бұл туралы он жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлауға міндеттенеді.

Өтініш беруші жәрдемақы тағайындау үшін қажетті жұмыс өтілі туралы толық емес мәліметтер ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі бес жұмыс күні ішінде құжаттарды арнайы комиссиялардың қарауына осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

Арнайы комиссиялар ұсынылған материалдарды осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес қарайды.

  1. Мемлекеттік корпорация жәрдемақыны тағайындау туралы бекітілген шешімдердің негізінде ай сайын төлеуге бюджет қаражатының қажеттілігін қалыптастырады және орталық атқарушы органға төлеу айының алдындағы айдың 27-күнiне ұсынады.

Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген, төлем айы үшін әзірленген қажеттіліктен кейін қалыптасқан жәрдемақылардың алушыларға тағайындалған сомасы орталық атқарушы органға ай сайын, төлем айының 15-күніне қарай ұсынылатын бюджеттік қаражатқа қосымша қажеттілікке қосуға жатады.

Мемлекеттік корпорация төлемдер кестесіне сәйкес жәрдемақыларды төлеу бойынша төлем тапсырмаларын әзірлейді және өтініште мобильді телефон нөмірі көрсетілген жағдайда, өтініш берушінің мобильді телефонына автоматты түрде 13-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабар жіберу арқылы төлем жасалған күн туралы хабарлама жіберіледі.

Sms-хабарлар осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан байынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.»;

1, 1-1, 2, 7, 11, 13, 15, 16 және 17-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 6, 7, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 5 және 8-қосымшаларға сәйкес 7-1 және 13-1-қосымшалармен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е.°Біржановқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

С. Шапкенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

приказ рус
Дата публикации
27 сентября 2021