«Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1053 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабының 30) тармақшасына сәйкес «Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1053 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Көрсетілген бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты әйелдердің зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда жұмысқа орналасуына қойылатын шектеулердің алып тасталуына байланысты жұмысқа орналасу құқықтары мен бостандықтарының сақталуына жүргізілген зерттеу негізінде Тізімді кәсіптерімен толықтыру болып табылады.
2022 жылдың 14 ақпанда бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған. 2022 жылдың 28 ақпанға дейін өзекті (орналастыру мерзімі 10 жұмыс күні).